1676

Нұр-Сұлтанда каратэ және пара каратэден республикалық инклюзивті турнир өтті

Нұр-Сұлтанда WKF каратэ және пара каратэден 6 жастан асқан барлық жастағы спортшылардың оныншы республикалық инклюзивті турнир өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жарысқа Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, Ақмола облысы, Батыс Қазақстан облысы, Жамбыл облысы, Қостанай облысы, Қарағанды облысы, Алматы облысы, Қызылорда облысынан спортшылар қатысты.

«Турнирге балалар, жастар және мүгедектіктің барлық түрі бар ересектер (арбамен жүретін, саңырау, ақыл-есі кем, БЦП, аутизм) қатысты, сондай-ақ дені сау спортшылар қатар өнер көрсетті. WKF каратэ және пара-каратэден республикалық инклюзивті турнир биыл екінші жыл өтіп жатыр. Бұрын денсаулығы жақсы балалар арасында ғана өтетін. Жарысқа 250 спортшы қатысты, соның 50-інің мүгедектігі бар. Олар каратэні жақсы көреді және айналысқысы келеді», – дейді паракаратэ федерациясының президенті Мейрамгүл Дукуева.

«Нұр-Сұлтанда паракаратэнің ката түрінен алғаш рет шығып, бірінші орын алдым. Мүгедек жандарға айтарым: үйде отырмай, спортқа келіңдер», – дейді жарысқа қатысушы Азон Шаймарданов.

Турнир ұйымдастырушылары: ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, «Паракаратэ федерациясы» РҚБ, WKF каратэ-до және Нұр-Сұлтан қаласының дәстүрлі жауынгерлік өнер федерациясы.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109