1585

Елордада көше баскетболынан турнир өтіп жатыр

Елордада халықаралық Балаларды қорғау күнін мерекелеу аясында жастар арасында 3х3 форматында көше баскетболынан жарыс басталды. Бәсеке 29-30 мамыр күндері өтеді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

«Бүгін халықаралық Балаларды қорғау күніне орай 3х3 форматында баскетбол турнирін өткізудеміз. Іс-шараның мақсаты – жастар мен балаларға өздерін көрсетуге және осындай бұқаралық спорт түрін дамытуға мүмкіндік беру. Бүгінгі турнирде ересектер де ойнайды. Біз оларға қарап, жас ойыншылар көбірек жаттығады, спортпен шұғылданады, жаңа нәрселерді үйренеді деп санаймыз. Осындай турнирлерді болашақта да өткізуді жоспарлап отырмыз. Алматы ауданының әкімдігіне, Дене шынықтыру және спорт басқармасына көрсеткен қолдауы үшін алғысымызды білдіреміз», — дейді турнир ұйымдастырушысы Әлихан Керімжан.

Турнирге әртүрлі жас топтарынан 33 команда қатысуда:

– U16 (16 жасқа дейін) – 6 команда;
– U18 (18 жасқа дейін) – 7 команда;
– U23 (23 жасқа дейін) – 6 команда;
– Ерлер – 12 команда;
– Әйелдер – 2 команда.

«Нұр-Сұлтанда стритболдан жастар ойынына қолдау көрсеткені үшін алғысымды білдіремін, себебі осындай турнирлердің арқасында спорттың бұл түрі дамып келеді», – дейді турнирге қатысушы Елнұр Альбаков.

Турнир жеңімпаздары 30 мамыр күні кубоктармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109