2018

Елордада Халықаралық балаларды қорғау күні қалай атап өтіледі?

1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күні елордада бірқатар іс-шаралар, оның ішінде көрмелер, байқаулар, ашық аспан астындағы ойындар, спорттық жарыстар секілді түрлі жиындар өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

1 маусым әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайы "Талисман детства" атты ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен театрландырылған қойылымға шақырады. Бұл күні Астаналық циркте "Туған жер" балалар-жасөспірімдер студиясының мерекелік концерті өтеді.

"Жетісу" саябағында Есіл ауданының балалары арасында "Көңілді старттар" өткізіледі, ал №2 өнер мектебі «Яркие краски детства» атты сәндік-қолданбалы шығармашылығынан шеберлік сабағын өткізеді. Сонымен қатар, мерекеге орай елордада жас тұрғындар арасында "Балалар фестивалі" жоспарланып отыр.

№3 Балалар музыка мектебі "Сәлем, жаз!" іс-шарасын, ал "Жерұйық" саябағында "Туған жер" балалар-жасөспірімдер студиясының хоры Ділнұр Біржанованың өнерін тамашалауға болады.

"АЛЖИР" саяси қуғын-сүргін құрбандарының мемориалды-мұражай кешені 1 маусым күні "Карлаг туралы ақиқат" онлайн-көрмесін өткізеді.
Балалар көркемсурет мектебінде, №2 музыка мектебінде "Тәуелсіздік ұрпағы" бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер жанрындағы үздік арт-нысанға балалар арасында халықаралық байқау өтеді.

Сонымен қатар, №1 өнер мектебі «Қош келдің, көңілді жаз!» шығармашылық жұмыстар көрмесін өткізеді.

Сондай-ақ, мектеп жанындағы лагерьлердің жазғы алаңында "Балаларға жер шарын сыйлайық!", "Балалардың күлкісі-көркі, сәні әлемнің!" мерекелік шарасы өтеді.

"Шығыс" БЖО мерекеге орай "Арқа алаңы" орталығында "Жас ұрпақ — жарқын болашақ!" атты ұлттық ойындардан жарыс өткізеді.

Сонымен қатар, балалардың елорданың көрікті жерлерін аралау үшін "Red Bus" екі қабатты автобус экскурсиясы жұмыс істейді.

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған мамандандырылған кітапхана "Жазудың әсем бояулары" атты суреттер байқауына қатысуға шақырады, ал №1 Балалар музыка мектебі "Айналайын баладан" музыкалық көңіл-күй сыйлайды.

Балалар-жасөспірімдер туризм және өлкетану орталығы мерекелік күні "Туристік отбасы" шарасын үш кезеңде квест (аспалы өткелден өту, скалодромға шығу, арқан саябағынан өту) арқылы ұйымдастырады. Ал "Железнодорожный" ТМ-да техникалық шығармашылық орталығының филиалы - мотокрос және "Ашық аспан астындағы шығармашылық" атты әуе жыландарын ұшыру бойынша көрсетілім өткізеді.

Сондай-ақ, орталықтандырылған қалалық кітапханада "Балалық шақ әлемі — ертегі әлемі" танымдық байқауы өтеді.

"Бақытты балалық шақ" мерекелік бағдарламасын өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы да дайындайды. Ойын бағдарламасында бейнеқұттықтаулар челленджі, "Сәлем, жаз!", балалар шығармашылығының көрмесі, "Балалардың арман әлеміндегі асфальтты кескіндеме" суреттер байқауы, "Балалық шақ еліне саяхат" квест-ойыны өткізіледі.

"SOS Астана Балалар ауылында" "Сиқырлы балалық шақ елі" жазғы алаңында дәстүрлі концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.
Елордалық мектептер де шетте қалмай, қызықты бағдарламалар дайындады. Сонымен, №6 мектеп-гимназиясында "Жер шарының балалары бейбіт әлемде өмір сүруі тиіс" асфальтқа сурет салу байқауы, №85 мектеп-лицейінде "Өлкенің гүл жайнаған балалары" концерті, ал қыздарға арналған "Білім-Инновация" лицейінде "Балалықпен қоштасуға асықпа" әдеби көрмесі өтеді. №27 мектеп-лицейі "Балалық шақ елі" өлең, ән, сурет, би және құттықтауларын дайындайды, №31 мектеп-гимназиясы "Менің бақытты балалық шағым" атты балалар фотосуреттерінің конкурсын өткізеді.

№3 мектеп-гимназиясында #живаяигра «Игры нашего детства» шарасы, ал №79 мектеп-лицейінде "Көңілді балалар бүкіл планетада өмір сүруі тиіс" ойын-сауық бағдарламасы өтеді. М.Өтемісов атындағы Оқушылар сарайында ағаш кесу, бейнелеу өнері, каратэ, брейк данс, шахмат бағыттарының шеберлері бас қосады. Сол күні әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында қалалық "Нұр-Сұлтан — дебат қаласы" дебат турнирінің финалдық зияткерлік ойыны өтеді.

Айта кету керек, іс-шаралардың бәрі санитарлық нормалар мен талаптарды қатаң сақтай отырып өтеді. Олардың көпшілігін әлеуметтік желілердегі мәдениет және білім беру мекемелерінің ресми парақшаларында, сондай-ақ телеарналар эфирінде онлайн көруге болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109