1368

«30 игі іс»: Нұр-Сұлтанда Балаларды қорғау күніне орай қайырымдылық акциясы өткізілді

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында "Мейірімділік-М" қайырымдылық ұйымы елордада "30 игі іс" жобасы аясында акция өткізді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Қайырымдылық акциясына ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі және әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар қатысты. Оларға киім-кешектер, түрлі ойыншықтар және азық-түлік себеттері берілді.

«Қайырымдылық акциясына 50 бала қатысты. Әрине, мұндай іс-шара балалардың көңіл-күйін көтеріп қана қоймай, жиын барысында қатарластарымен араласып, өздеріне жаңа орта табады. Балаларға зор денсаулық, қуаныш пен бақыт және көңілді жазғы демалыс тілеймін!» — деді "Мейірімділік-М" қайырымдылық қорының төрайымы Айгүл Сейілова.

Іс-шара барысында балалар аниматорлармен би билеп, ойын ойнап, көңіл көтерді.

«Мерекелік кеш керемет өтті. Қызықты ойындар ойнадық. Сыйлықтар да ұнады. Қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырушыларға көп-көп рахмет», — деп іс-шараға қатысушы Айша Ислам өз әсерімен бөлісті.

«Мен бұл акцияға балалармен бірге келдім. Олар өздеріне сыйланған сыйлықтарға өте риза болды. Осындай іс-шараны ұйымдастырғаны үшін "Мейірімділік-М" қайырымдылық қорына алғысымды білдіремін», — деді елорда тұрғыны Аягөз Серікқызы.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109