1198

Маска режимін сақтамайды: Елордада карантинді бұзған тағы 7 мекеме анықталды

Елорданың мониторингтік топтары кәсіпкерлік нысандары арасында карантин шараларының бұзылғанын анықтау жұмысын жүргізуде, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

30 мамырда мониторингтік топтар карантинді бұзған 7 елордалық мекемені әкімшілік жауапкершілікке тартты. Олардың қатарында Сарыарқа ауданында орналасқан «Аружан» кафесі де бар.

Есіл ауданында тәртіп бұзушылар тізіміне «Золото» және «Вао Вао» мейрамханалары енді. «Золото» мейрамханасында бетперде режимі сақталмай, саннормалар еленбеген. Тіпті келушілерге кальян ұсынғаны да анықталды. «Вао Вао» мейрамханасының қызметкерлері де маска режимін бұзды.

Санитарлық нормаларды сақтамағаны үшін Байқоңыр ауданындағы «ШашлыкоFF» гриль-бары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Алматы ауданының мониторингтік тобы «GOLDEN GAM» компьютерлік клубының, «Что будет дальше» караоке клубының, «ХЗ» барының карантин режимін бұзғанын анықтады.

Жиналған мәліметтер тиісті шаралар қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына тапсырылды.

Айта кету керек, Нұр-Сұлтан эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша «қызыл» аймаққа енгеніне үш айға жуықтады. Қаладағы эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз болып отыр. Сол себепті азаматтар мен кәсіпкерлік нысандары карантин талаптары мен санитарлық нормаларды қатаң сақтауы тиіс.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109