1574

Елордаға QazVac вакцинасының жаңа партиясы жеткізілді

Өткен демалыс күндері елорданың денсаулық сақтау басқармасының қоймаларына отандық вакцинаның 6 мың дозасы жеткізілді. Яғни бірінші және екінші компоненттің әрқайсысынан 3 000 дозадан жеткізілді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазақстандық вакцина медициналық ұйымдарда да, СОО мен сауда үйлерінде де егілетін болады.

«QazVac вакцинасы демалыс күндері жеткізілді. Бұл жолы вакциналар БМСК ұйымдарына, СОО жанындағы егу пунктеріне таратылды. Яғни, азаматтар QazVac-ты өз қалауы бойынша қаладағы вакцинациялау пункттерінен ала алады», — деп атап өтті басқарма хабарламасында.

Бүгінгі таңда елордада вакцинацияның 1 компонентін 170 мыңға жуық адам қабылдады. Ал басқарма қоймаларында "Спутник-V" препаратының 1 компонентінің шамамен 12 мың дозасы және қытайлық Hayat Vax 1 компонентінің шамамен 18 мың дозасы бар.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109