1594

Елордалық кәсіби техникалық училище студенттері өз жұмыстарын ұсынды

Бүгін қаладағы «Отан қорғаушылар» монументі алаңында елорданың «Астана - тең мүмкіндіктер қаласы» көрме-фестивалі өтті.

Бүгін қаладағы «Отан қорғаушылар» монументі алаңында елорданың «Астана - тең мүмкіндіктер қаласы» көрме-фестивалі өтті.  

Фестивальге елорда колледждерінде техникалық білім алып жатқан студенттердің жұмыстары қойылды. Мұндай іс-шара қалада жыл сайын ұйымдастырылып келеді. Алайда, биылғы жылы фестиваль ауқымды өткізілуде.  

«Фестиваль жылдағыдан гөрі биыл ауқымдырақ өткізіліп отыр. Бірінші кезекте фестиваль  - бұл 9-11 сыныпты бітіруші оқушылар үшін профориентациялық жұмыс. Өйткені, олар бүгінгі нарыққа керекті мамандықтар туралы ақпараттарды білуі керек.   Студенттер өздері оқыған жылдары алған дағдыларын көрсетеді»,- дейді - Астана қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Римма Иманғазинова. 

 «Көрмеге студенттер әкелген бейнелеу полотнасы мен қыл қаламсыз салынған жұмыстар қойылды. Бұл техника тек біздің колледжде ғана қолданылады. Бейнелеу полотнасы ұлттық бояу мен біздің өмір сүру салтымызды көрсеткен мастихин техникасы мен аралас техникада орындалған. Мұнда дизайнер студенттер мен халықаралық байқаудың жеңімпаздарының еңбектері ұсынылды. Біз бүгін 4 бейнелеу полотнасын, 8 қыл қаламсыз салынған суретті әкелдік»,- деп сабақтады әңгімесін Астана қаласы Менеджмент және бизнес колледжінің оқытушысы  Роза Әбен.

Фестиваль күні бойы өтті. Шығармашылық мерекесіне шамамен бірнеше мың түлек келді.  

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109