1161

Нұр-Сұлтанда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған телекөпір өтті

Бүгін елордадағы Достық үйінде Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған телекөпір өтті. Іс-шара ел егемендігінің 30 жылдығы аясында өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шараны Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырды.

Телекөпірге Қазақстан халқы Ассамблеясының, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының, Қарағанды, Павлодар және Алматы облыстарының ҚХА өкілдері, белгілі қоғам қайраткерлері мен ғалымдар қатысты.

Оның барысында ел тарихына басымдық беріліп, тарихи маңызы бар орындардан арнайы репортаж жүргізілді. Олардың қатарында «АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайы, Қарағанды облысының «Долинка» саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайы бар және өзге де тарихи маңызы бар орындар кеңінен қамтылды.

Телекөпір барысында елорданың және республиканың аймақтарынан тікелей эфирлер өткізілді.

«Бүгін Достық үйінде Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған телекөпір өтті. Бұл – ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өтетін шаралардың бірі. Біз Қазақстанның өзге өңірлерімен телекөпір арқылы байланысқа шықтық. Олардың қатарында Қарағанды облысындағы «Долинка» лагері, Алматы облысы, Павлодар қаласы болды. Бүгінгі мереке – бұл саяси террордың жазықсыз құрбандарын еске алу күні, бұл саяси қуғын-сүргін құрбандарының қанымен жазылған кейінгі ұрпаққа арналған тарих сабақтары», - деп Нұр-Сұлтан қаласы ҚХА хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайынова атап өтті.

«31 мамыр күні көпұлтты еліміздің қасиетті естелігі. Бүгінгі іс-шара – ертеңгі тарих. Бұл шара – руханилықтың, патриотизмнің және адалдықтың көрінісі», - деп қосты кәрістер этномәдени бірлестігінің құрметті мүшесі Владимир Сон.

Айта кетейік, іс-шара санитарлық талаптарды қатаң түрде сақтай отырып өтті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109