1279

Елордада саяси қуғын-сүргін құрбандарына тағзым етілді

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы «АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін құрбандарының мемориалды-мұражай кешенінде өткен ғасырдың зобалаң жылдары азапқа ұшыраған жандардың рухына тағзым етілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары, жастары болып, бүгінгі «АЛЖИР» мемориалды мұражай-кешеніне келіп, гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысып отырмыз. Зобалаң жылдары бастан кешкен үлкен, қайғылы, қиын оқиғалардың бәрі бүгінгі өскелең ұрпақтың есінде әрі жадымызда мәңгі сақталатын болады», - дейді қалалық мәслихат депутаты Бағдәулет Жанділдаев.

Мемориалды-мұражай кешеніне гүл шоқтарын қойып, рухына құран бағышталды. Өз кезегінде бүгінгі жиынға сол заманның қиындығын көрген ата-бабаларымыздың ұрпағы қатысып, тарихтан сыр шертті.

«Мен «Алаш» партиясының мүшесі Жанұзақ Жәнібековтің немересімін. Атам Сәбит Мұқановпен, Сәкен Сейфуллинмен, Ахмет Байтұрсынұлымен жұмыс істеді. Ол саясаттанушы, журналист болып еңбек еткен. Өз заманында Қазақстанның егемендігі үшін аянбай күрескен. Нәтижесінде халық жауы болып, тұтқынға алынды, артынан ату жазасына кесілді.

Музей қызметкерлерінің жұмысына ризамын. Осы орталықты ашқандарға алғысым шексіз. Бүгінгі жастар кешегі ата-бабаларымыздың көрген қиындығы жайлы тарихтан хабардар болғанын қалаймын», - дейді Маяш Қожабекова.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109