1400

Нұр-Сұлтандағы «бүкір көпірде» жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында «бүкір көпірде» жөндеу жұмыстары жүргізілгеніне қарамастан бұл маңайда көлік қозғалысы толық шектелмегенін мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Көпірлер, көлік айрықтары қаланың әртүрлі аудандарын жалғауға, жол жүру уақытын қысқартуға және қаланы мобильді етуге мүмкіндік береді. Олар дұрыс жұмыс істеп тұруы үшін уақытылы жөндеу қажет. 

Мысалы, халық арасында "бүкір көпір" деген атпен танымал №2 жол өтпесі апатты деп танылды. Аралау кезінде осы жол өткелін қалпына келтіру бойынша жөндеу жұмыстарының барысымен таныстым (Бөгенбай батыр даңғылындағы көлік айрығы құрамындағы теміржолдар арқылы – Алаш тас жолы). Объектіде жол өтпесінің авариялық бөлігін бөлшектеу жұмыстары аяқталды, құрылыстың тірек бөлігін орнату бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде, сондай-ақ қолданыстағы инженерлік желілерді құрылыс орнынан шығару бойынша жұмыстар қатар жүргізілуде.

Тұрғындардың ыңғайлылығы үшін қозғалысты толық тоқтатқан жоқпыз. Жол өтпесінің авариялық учаскесін күрделі жөндеу жолдың көліктік-пайдалану жағдайын жақсартуға, қозғалыс қауіпсіздігінің деңгейін арттыруға және көлік қозғалысы үшін қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар биыл 115 көше жөнделеді. Өткен жылдағыдай қаланың ескі бөлігі мен елді мекендерге баса назар аудардық. Мәселен, өткен жылы 170-тен астам көше жөнделді. Осылайша соңғы екі жылдың ішінде ғана жолдардың жағдайы айтарлықтай жақсарады», — деп жазды елорда әкімі.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109