1209

Нұр-Сұлтанда тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру жұмысы жүргізілуде

Елордада ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері жүйелі түрде тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру, мемлекеттік-конфессиялық саясатты түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

«Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның» талаптарын іске асыру аясында елордалық Дінтану орталығы мемлекеттік-конфессиялық саясатты түсіндіруге, сондай-ақ халықтың құқықтық және діни сауаттылығын арттыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізеді.

Өткен аптада ғана дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы елорданың 500-ден астам тұрғынымен 27 кездесу өткізді. Кездесулер құқық қорғау органдарының қызметкерлері, өрт сөндіру бөлімдері, ПИК қызметкерлері, сондай-ақ қала колледждерінің студенттері үшін ұйымдастырылды.

Сонымен дәріс барысында «деструктивті діни ұйымдардың риторикасы», «дәстүрлі және дәстүрлі емес діни ағымдар», «интернетте деструктивті діни ұйымдардың тарту әдістері» секілді өзге де өзекті тақырыптар түсіндірілді.

Кездесу соңында деструктивті діни ағымдардың мәнін түсіндіру, Қазақстан Республикасының зайырлылық терминін анықтау, «iKomek-109» жедел желісі, ҚР аумағында тыйым салынған террористік және экстремистік ұйымдардың тізімі туралы, Нұр-Сұлтан қаласындағы конфессиялық палитра туралы ақпарат, сондай-ақ ҚР нормативтік-құқықтық базасы талқыланды.

Дәріс барысында тыңдаушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, білікті мамандардың жауабын тыңдады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109