Бүгін Астананың балалар үйінен 32 түлек «үлкен өмірге» қанат қақты
Бүгін, 20 маусымда Астананың Балалар үйі өздерінің 32 түлегін ұшырды. Бұл күн түлектер үшін де, оларды бірнеше жылдар бойы тәрбиелеп, тәлім берген білім нәрін сіңірген мұғалімдері үшін ұмытылмастай жадыда сақталып қалары сөзсіз.
«Осы айырықша күні біздің 32 тәрбиеленушіміз
өзінің шаңырағынан түлеп ұшып, «үлкен өмірге» қанат қағып отыр. Біз үшін жан тебіренерлік
толғанысты сәттер туындап отыр», - дейді astana.kz сайтына Балалар үйінен.
Ұйымдастырушылар қоштасу кешін «Боровичок» демалыс аймағында өткізуге шешім қабылдапты.
«Балаларға көптен күткен орта білім алағаны жөнінде аттестатын тапсыру мерекелік салтанаты Шығарамшылық үйінде өтеді. Рәсімнен кейін түлектер мен қонақтар жазғы эстрадаға шақырылып, оларға музыкалық құттықтаулар жолданады. Мерекелік ойын-сауық бағдарламасы ұсынылады»,- деп мәлімдеді astana.kz сайтына .
Кештің бағдарламасы думанды би мен кешкі алау жанында қостасу сәттерімен аяқталады.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz