1421

«Барлығы – балалардың болашағы үшін» - елорда әкімі балаларды қорғау күнімен құттықтады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында бүлдіршіндерді халықаралық Балаларды қорғау күнімен құттықтады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Әрбір бала – қайталанбас тұлға! Не істесек те олардың игілігі мен жарқын болашағы үшін жасаймыз. Бүгін – 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Мемлекет басшысы атап өткендей, бұл мереке өскелең ұрпақтың әл-ауқаты, денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін ересектердің жауапты екенін еске салады, "еліміздегі әрбір бала махаббатқа, қуаныш пен бақытты балалық шаққа лайық". Қаланың әр ауданында санитарлық нормаларды сақтай отырып, балаларымыз үшін іс-шаралар ұйымдастырылды. Жас тұрғындарымыз үшін мерекелік атмосфера құру маңызды.

Ересектер өз мысалдарымен ғана балаларды жас кезінен еңбекке баулып, оқуға деген сүйіспеншілігін арттырып, аға буынға деген құрметін қалыптастыра алады.
Өз тарапымыздан балаларымызға жағдай жасау үшін жұмыс жасап келеміз: балабақшалар, мектептер, оңалту орталықтарын, қолжетімді әлеуметтік тұрғын үй, мәдениет және спорт объектілерін саламыз, аула клубтарын ашамыз, таза ауада уақыт өткізу үшін жайлы қоғамдық кеңістіктер (саябақтар, скверлер, бульварлар) мен аулалар жасаймыз.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес барлық бағыттар бойынша балаларға жағдай жасаймыз. Жоғарыда айтқанымдай, әр бала ерекше. Біздің міндетіміз – олардың жан-жақты дамуына және өз әлеуетін толық ашуға мүмкіндік беру. Біздің балаларымыздың арасында болашақ медицина қызметкерлері, педагогтар, инженерлер, құрылысшылар, жазушылар, суретшілер, спортшылар және т. б. бар. Барлық мамандықтар маңызды және қажет. Ата-ана ретінде біз оларды қолдауымыз керек.

Балалардың кестесі ересектердікінен кем түспейді. Олар оқу оқып, үйірмелерге барып, достарымен кездеседі. Балалар мен олардың ата-аналарына ыңғайлы болу үшін өткен жылдың көктемінен бастап қаламыздың барлық кәмелетке толмаған тұрғындары үшін қоғамдық көлік тегін. Бұл жаңалық көптің көңілінен орын алды.

Балалардың дүниеге келуі отбасы үшін де, мемлекет үшін де маңызды. Жас ұрпақтың болашағы жарқын болсын. Ата-аналар мен балаларды мерекемен құттықтаймын! Зор денсаулық, бақыт, амандық тілеймін!» - деп жазды елорда әкімі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109