1339

Елордада TOM Nur-Sultan мейкатонының негізгі кезеңінің қорытындысы шықты

Елордада Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған 72 сағаттық мейкатонның негізгі кезеңі қорытындыланды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Том кезеңі – 72 сағаттық марафон, оның аясында өнертапқыштар нидноуэрлермен бірге өз идеяларын жүзеге асырады. Осылайша, олар мүгедек жандарды қоғамға бейімдеуге және олардың толыққанды өмір сүруіне жағдай жасайтын прототиптер әзірлейді.

Қазылар алқасына 10 команда есту, көру, тірек-қимыл жүйесі бұзылған адамдардың қиындықтарын шешетін прототиптерді ұсынды.
Мейкатонға қатысушыларды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, қазылар алқасының мүшесі Ерлан Әукенов құттықтады.
«Осындай бастама жасап, шақырғаны үшін ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз. Сондай-ақ, бұл бастамаға қызығушылық білдіріп, уақытын, күшін жұмсағаны балалардың бәріне алғыс айтамыз. Мұнда мүгедек адамдарға қатысты барлық жобалар, сіздер ойлап тапқан техникалық оңалту құралдары маңызды, сондай-ақ үлкен сұранысқа ие. Егер сіз бизнесіңізді дамытып қана қоймай, ерекше қолдауды қажет ететін жандарға көмектескіңіз келсе, бұл Қазақстанда жаңадан қанат қағып келе жатқан сала екенін айтқым келеді», — деді Ерлан Әукенов.

Вице-министр балаларды бұл жетістіктерімен тоқтап қалмауға және мейкатонның нәтижелеріне қарамастан әлеуметтік кәсіпкерлік саласын дамытуға шақырды.
Нұр-Сұлтан қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров та қатысушыларға сәттілік, жобаға табыс тіледі.
Командалар бір ай бойы өміршең прототип жасау үшін қажетті тізім бекітті. Бүкіл кезең бойы мейкатон қатысушылары өздерінің нидноуэрлерімен байланыста болып, идеяларын толықтырды.
Ұсынылған жобалардың ішінде айтылған сөзді анықтауға арналған қосымша, жабдықталған мүгедектер арбасы, есту аппаратының фиксаторы, протездердің қаптамасы, аяққа арналған бекіткіш шұлық, мүгедектер арбасын түрлендіру, аяғы жоқ жандарға арналған орындық-көтергіш, аяқ-қолдарға арналған оңалту тренажеры, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған шаңғылар бар.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтандағы мейкатонның ұйымдастырушылары – «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы және «ҚР Тель-Авив Университетінің достар қауымдастығы» ЗТБ, «Нұр-Сұлтан қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ және «Қазақстан мүгедектер конфедерациясы» РҚБ қоғамдық бірлестігі. Мейкатон Astana International University ғимаратында және GreenTal әлеуметтік шеберханасында өтті.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109