1323

Алтай Көлгінов бірқатар көшенің құрылыс барысымен танысты

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында бірқатар көшеде жөндеу жұмысы жүргізіліп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Қала тұрғындарының өмір сүру жайлылығын арттыру үшін жолдарды салып, жөндеу маңызды. Елордадағы климаттық жағдайға байланысты абаттандыру және жол жұмыстарын жүргізу маусымы қысқа. Жылыту маусымы 7 айға дейін созылады. Дегенмен қолайлы жағдай туындағаннан кейін қалада жолдарды жөндеу және аудандарды абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізу басталады.

Биыл 115 көшені салып, жөндейміз. Өткен жылдағыдай қаланың ескі бөлігі мен елді мекендерге баса назар аударамыз. Жұмыстар қаланың барлық аудандарында жүргізіліп жатыр. Бүгін Бектұров көшесінің Е67 көшесінен Е22 көшесіне дейінгі (Есіл ауданы) учаскесіндегі құрылыс жұмыстарының барысымен таныстым. Бұл - салынып жатқан жаңа аудандардың бірі. Жол құрылысы бірден бірнеше көппәтерлі тұрғын үй кешендерінің тұрғындарына қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Мердігерге жұмыс қарқынын бәсеңдетпеуді тапсырдым.

Сапасыз жөнделген не салынған жолдарды қабылдамаймыз. Мердігер өз есебінен қалпына келтіреді, бұдан басқа, жұмысқа немқұрайлы қарайтын компаниялармен келісімшарттарды тоқтатамыз.

Өткен жылы 170-тен астам көше жөнделді. "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізу саласында 4 мыңнан астам жұмыс орны құрылды», - деп жазды елорда әкімі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109