1891

Елордада «Театральный» желекжолында субұрқақ кешені ашылды

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні Нұр-Сұлтанда «Театральный» жаяу жүргіншілер желекжолында субұрқақ кешені ашылды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Субұрқақ кешенінде құрғақ фонтанға айналатын жарықтандырылған «Халықтар достығы» монументі бар. Оның бойында су ойын элементтері орнатылған. Мұнда балалар алаңы, демалыс орындары, велосипед жолы бар. Жаңа қоғамдық кеңістік дала жиһаздарымен және қосымша көгалдандырумен безендірілген.

Ж.Омаров көшесіндегі «Театральный» жаяу бульвары аумағында Балаларды қорғау күніне орай елорданың бүлдіршіндері үшін аниматорлардың, қуыршақ театрының және цирк әртістерінің қатысуымен ойын-сауық бағдарламасы өткізілді.

Сарыарқа ауданының әкімі Есет Байкен балалар мен ата-аналарды мерекемен құттықтады.

«Жаздың бірінші күні «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспары аясында субұрқақ кешені ашылды. Бұл жобаны жүзеге асыру қала әкімі Алтай Көлгіновтің тікелей бақылауында. Биыл елордамыздың тарихи орталығы – Ж.Омаров көшесінде жөндеу жұмыстары жоспарланып отыр. Желекжол бойында Республика даңғылынан Жас көрермендер театрына дейін екі субұрқақ кешені, сондай-ақ көптеген шағын сәулет нысандары орнатылады», - деді Есет Байкен.

Сонымен қатар, аудан әкімінің айтуынша, 5-6 маусымда Ә.Мәмбетов көшесінің жаяу жүргіншілер жолын техникалық ашу жоспарланған. Пандемия мен карантиндік шараларды ескере отырып, ауқымды іс-шаралар өткізілмейді, бірақ санитарлық нормаларды сақтай отырып, қалалық мәдениет басқармасымен бірлесіп, іс-шаралар жүргізілетін болады.

Елорда тұрғындары желекжол мен субұрқақ кешені туралы өз әсерлерін білдіре отырып, мерекені ұйымдастырған елорда әкімдігіне алғыс білдірді.

«Бүгін біз отбасымызбен серуендеп, мерекені тойлау үшін шықтық. Осылайша жаңа субұрқақтың ашылуына келдік. Бізге бұл жер қатты ұнады. Мұнда түрлі сырғанақтар, субұрқақтар орнатылыпты. Карантин кезінде ешқайда шықпадық, ал енді таза ауада осындай әдемі жерде серуендей аламыз. Әдетте Есіл өзенінің жағасында серуендейтінбіз. Енді бұл жерге жиі келіп тұратын болдық», - дейді орталық экономикалық мектептің 8-сынып оқушысы Аружан Ағыбаева.

«Бүгін біз «Театральный» желекжолында керемет субұрқақ кешенінің ашылуына куә болдық. Елорда тұрғындарына арнап, осындай жаңа демалыс орны ашылғанына қуанып отырмыз. Балаларымызға арнап мереке ұйымдастырған қала әкімдігіне алғыс білдіргіміз келеді. Елордамыз одан әрі гүлдене берсін!» - деді елорда тұрғыны Ғани Артықов.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109