1196

Елордалық дәрігерлер балаларды 1 маусым мерекесімен құттықтады

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында медициналық қызметкерлер, халық қалаулылары, қоғам қайраткерлері және қала басшылығы өскелең ұрпақты құттықтады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бүгін балалар мерекесіне орай қаланың БМСК ұйымдары мүгедек балаларға, көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасылардағы балаларға, қатерлі ісік және церебралды сал ауруымен ауыратын балаларға арнап ашық есік күндерін өткізді. Іс-шара аясында кәсіби мамандардың тексеруінен өтіп, тәжірибелі дәрігерлерден емдеу тактикасы бойынша кеңес берілді.
Ата-аналардың қамқорлығынан айырылған балаларды Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов, РДДО басқарма төрағасы, қоғам қайраткері Надежда Петухова және өзгелері балалар үйінің тәрбиенушілерін құттықтады.

«Балаларға қуаныш сыйлап, мереке ұйымдастыру 1 маусым күні ғана емес басқа күндері де жалғасуы тиіс. Өскелең ұрпақ мейірім мен махаббатты сезініп өсуі қажет. Әр бүлдіршіннің өмірі маңызды, ал оның денсаулығы басты құндылығымыз болуы керек. Мемлекет пен елордалық медицина бұл мақсатта тиісті шаралар қабылдайды!» - деді Тимур Мұратов.
Бұл бүлдіршіндер ойын-сауық бағдарламасында көңіл көтеріп, мерекелік сыйлықтар алды. Ал басқарма басшысы Т.Мұратов қазақтың әдет-ғұрпы бойынша кішкентай бүлдіршіннің тұсау кесті.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы және «30 игі іс» аясында қалалық медициналық ұйымдарда түрлі жастағы балаларға арналған мерекелік бағдарлама, асфальтта сурет салу байқауы, балалар суреттерінің көрмесі және ата-аналармен бірге спорттық турнирлер өткізілді. Сондай-ақ, фуршет, мерекелік ас және сыйлықтар ұсынылды.

Сонымен қатар, қалалық көпсалалы ауруханалардың акушерлік бөлімшелерінде балалар мерекесінде дүние есігін ашқан нәрестелер мен аналарды құттықтау рәсімі өтті. Аналар құрмет грамоталарымен марапатталып, сәбилерге арналған естеліктер мен сыйлақтарға ие болды.

Бүгін елордада сағат 15:00-ге дейін елордада 63 бала дүниеге келді. Оның 35-і ұл бала, 28-і қыз бала. Бүгін тағы 15 нәресте дүниеге келеді деп күтіліп отыр.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109