1270

Нұр-Сұлтанда «Қауіпсіздік балалар көзімен» атты ауқымды акция өтті

Халықаралық балаларды қорғау күнінде елордалық ТЖ департаменті «Қауіпсіздік балалар көзімен» атты ауқымды акция өткізді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Акция амфитеатр маңында өтті. Мұнда балалар авариялық-құтқару техникасымен танысып, биіктігі 32 метрге жететін автосатымен көтеріліп, өздерін нағыз құтқарушы ретінде сезінді.

Іс-шара аясында ТЖД бөлімшелері өз өнерлерін көрсетті. Сол сияқты науқасқа алғашқы көмек көрсету кезінде қолданылатын медициналық жабдықтар да балалар назарына ұсынылды. Оның барысында дәрігер Елдос Жүнісовтың арнайы дәрісі өтті.

Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күликов жасөспірімдерге өрт сөндірушілер жарысында көмектесіп, оларға түрлі кеңестерін берді. Жарыс жеңімпаздарын азаматтық қорғау полковнигі Сәбит Битаев құрмет грамоталарымен және сыйлықтармен марапаттады.

Акция аясында әртістер мен аниматорлардың қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109