1520

Нұр-Сұлтанда ашық аспан астында кітапхана ұйымдастырылды

Бүгін Байқоңыр ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Халықаралық балаларды қорғау күні Қаламгерлер аллеясында «Ашық аспан астындағы кітапхана» акциясының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шара аясында балалар жұмысының көрмесі мен кітап жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Байқоңыр ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Жаулыбаев мұндай көрмелер жаз бойы ұйымдастырылатынын атап өтті.

«Балаларымызды бүгінгі мерекемен құттықтаймын! Сіздерге мықты денсаулық, оқуда озаттық тілеймін және ата-аналарыңызды күнделікті қуантып жүріңіздер. Ал әкімдік атынан «Фолиант» баспасына, қаланың орталықтандырылған кітапханаларына көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдіргіміз келеді. Кітап көрмелері жаздың соңына дейін өтеді. Сонымен қатар, демалыс күндері жазушылармен кездесулер өткізіледі», - деді Ерлан Жаулыбаев.
№8 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Жансая Мұхамедрахым өзімен бірге екінші сынып оқушыларын көрмеге ертіп келді. Оның айтуынша, мұндай іс-шаралардың маңызы зор.

«Бүгінгі іс-шараға жазғы мектепте оқитын оқушыларымызбен келдік. Мереке күні балаларымыз сергіп, ой-өрісін кеңейтті. Мұндай көрмелер балалар үшін өте пайдалы деп ойлаймын. Бұл олардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырады. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, балаларды мерекемен құттықтап, мықты денсаулық және үлкен жетістік тілеймін», — деді ол.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109