1185

Сығанақ көшесінде жаяу жүргіншілерге арнап бағдаршам орнатылады

Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы елордада көше-жол желісін дамыту бойынша жұмыс жүргізуде. Сығанақ көшесінде жаяу жүргіншілерге арналған бағдаршам орнату және Сарайшық көшесінде қосымша жолақтар орнату жоспарланып отыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Сығанақ көшесінде (Жусан банк аумағы) жаяу жүргіншілерге арналған бағдаршам нысандарын орнату жоспарланып отыр. Сондай-ақ іргелес аумаққа өту және Сарайшық көшесінде (Қараөткел көшесі ауданында) кедергісіз бұрылыстарды жүзеге асыру үшін қосымша қозғалыс жолақтары орнатылады. Жаяу жүргіншілерге арналған бағдаршам нысандарын орнату қала құрылысы нормаларына сәйкес қауіпсіз және жаяу жүргіншілер қозғалысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», — делінген басқарма хабарламасында.

Сонымен қатар, Сарайшық көшесі мен Сығанақ көшесі бойында көліктерге арналған бұрылу жолақтарын ашу жоспарлануда.

Қабылданған шаралар тұрғындардың қолайлығы үшін жүргізіліп отыр, дейді көлік ведомствосы. Қала тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын-ала жоспарлап, жол қауіпсіздігі ережелерін сақтауы қажет.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109