1661

Мобильді қосымша арқылы халық санағынан өтуге болады

Елордада 2021 жылғы ұлттық халық санағын өткізудің дайындық кезеңі басталды. Қазіргі санақтың ерекшеліктері мен жаңалықтары туралы онлайн-брифинг кезінде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Ұлттық статистика бюросы департаментінің басшысы Жорабек Дәуренов айтып берді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Қазақстанда халық санағы әр 10 жыл сайын жүргізіледі. Оның мақсаты – соңғы 10 жылда орын алған (санақаралық кезең) демографиялық, экономикалық және әлеуметтік үрдістер туралы нақты расталған ақпарат алу.

«Осыған байланысты халықтың білім деңгейі, неке-отбасылық құрылымы, тұрғын үй жағдайлары, үйлердің абаттандырылуы, еліміздің этно-лингвистикалық құрамы және қоғам талап ететін басқа да өзекті деректер секілді мәліметтер тек жалпыға бірдей санақ кезінде ғана алынуы мүмкін. Алдағы санақ қорытындылары мемлекеттік органдардың қазіргі деректер базасын өзектендіру үшін жаңартылған және расталған ақпарат алып келеді.

Елорда ауқымды іс-шара – кезекті ұлттық халық санағын өткізуге дайындалудың аяқталу кезеңіне таяп қалды. Қала экономикасының дамуы және бюджетті жоспарлау үшін қажет болатын санақ қорытындылары бойынша жиналған ақпараттың сапасы елордалықтарға, олардың бұл шараға барынша көп тартылуына тікелей байланысты», - дейді Жорабек Дәуренов.

Санақты өткізудің бірінші дайындық кезеңі 2021 жылғы 1-30 маусым аралығында өтеді. Бұл кезеңде санақ қызметкерлері тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды тіркеу бойынша және онда тұратын халық санын нақтылау мақсатында жұмыстар жүргізеді.

«2021 жылғы ұлттық санақтың басты жаңашылдығы 2021 жылғы 1 қыркүйек пен 15 қазан аралығында еліміздің әрбір тұрғыны sanaq.gov.kz сайтында онлайн режимде өздігінен сауалнама парақтарын толтыру мүмкіндігі болады. Жүйе тәулігіне 24 сағат қолжетімді болады. Респондент санаққа қатысуы үшін өзіне барынша ыңғайлы уақытты таңдауына болады, сондай-ақ сайтта бланк толтыруды тоқтатып, кейіннен жалғастыру мүмкіндігі де іске асырылады. Одан басқа, egov.kz электронды үкімет платформасында электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы санақ өтуге болатын sanaq.gov.kz сайтының қосымша беті орналастырылады. Мобильді азаматтар үшін «Aitu» мобильді қосымшасы арқылы санақтан өту мүмкіндігі болады», - дейді ол.

Дәстүрлі жаппай аралау 2021 жылғы 1 және 30 қазан аралығында өтеді және ол белгіленген мерзімде онлайн режимде санақтан өтпеген респонденттер үшін өткізіледі. Дәстүрлі кезеңнің жаңашылдығы интервьюерлердің электронды планшеттерді пайдалануы кіретін заманауи цифрлық технологиялардың енуі мен үрдістердің автоматтандырылуы болады.

Бұл адам факторының деректер сапасына әсерін ықшамдауға, ЖСН қолданып халық санағы деректері дұрыстығының деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109