1383

Алтай Көлгінов пен Қоғамдық кеңестің төрағасы азаматтарды қабылдады

Елорда әкімі Алтай Көлгінов пен Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігі жанындағы Қоғамдық кеңестің төрағасы Сәлімбай Шунеев азаматтарды қабылдады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Қала тұрғындарының мәселелерін жүйелі түрде шешу үшін елорда әкімдігі тұрақты түрде азаматтарды қабылдайды. Бірлескен қабылдау кезінде елорданың 15 тұрғыны қабылданып, 30-дан аса проблема талқыланды.

Негізгі мәселелерге: тұрғын үй бағдарламаларына қатысу, білім алу, медициналық көмек, әлеуметтік көмек, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, сондай-ақ қаржылық проблемалар жатады. Сондай-ақ, қабылдау кезінде азаматтар елорданы одан әрі дамытуға қатысты өз идеялары мен ұсыныстарын бөліседі. Барлық түскен сұрақтар ерекше бақылауға алынды.

Қала тұрғындары «Жанұя» (Бейбітшілік көшесі,14), тұрғын үй саласында қызмет көрсететін бірыңғай Орталық (Республика даңғылы, 32), iQala (Қошқарбаев, 29) сияқты елордалық әлеуметтік орталықтардан көмек пен кеңес ала алады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109