1580

Елордада «Денсаулық — зор байлық» отбасылық марафоны басталды

Нұр-Сұлтан қаласында «Денсаулық — зор байлық» отбасылық марафоны басталды. Марафон қорытындысында 20 жеңімпаз отбасының әрқайсысына 50 000 теңгеден спорт тауарларын сатып алуға сертификат табысталады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Марафон шарттары:

• Картада жүгіру бағытын көрсететін Strava қосымшасына тіркеліп, төменде көрсетілген нөмерге өтініш беру қажет.

• Отбасылық жүгіру қашықтығы күніне кемінде 1 км болуы керек.

• Жүгіруге ерлі-зайыптылардың екеуі де 21 күн бойы қатысады (ерлі-зайыптылардың нәтижесі ғана есептеледі).

• Күн сайын: фотоесеп (1 фотосурет); жүріп өткен қашықтық пен жаттығу бағытын көрсететін қосымшадан сілтеме;

• @elorda.otbasy және @ns_jastary аккаунттарын белгілей отырып, Instagram желісінде сторис салу (15 секунд - 1 минут).

Өтінім беру үшін мына құжаттар тапсырылады:

• некені тіркеу туралы куәлік көшірмесі;

• Байланыс ақпараты (телефон нөмірлері, тұратын мекен-жайы, әлеуметтік желілердегі аккаунттары).

Құжаттар 1-15 маусым аралығында қабылданады.

Мәліметтерді +7 708 510 0052 WhatsApp нөміріне жіберу керек.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109