1892

Елордада Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері күніне орай 100-ден астам іс-шара өтеді

Елімізде 4 маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі. Нұр-Сұлтанда бұл күні түрлі көрмелер, ақпараттық дәрістер, семинарлар ұйымдастырылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері – Елтаңба, Ту және Гимн күні қарсаңында елордада патриотизм рухын нығайтуға, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуді насихаттауға бағытталған бірқатар имидждік іс-шаралар жоспарланған. Олардың барлығы «Мен Қазақстанның патриотымын!» ұранымен өтеді.

Іс-шаралардың арасында ҚР Мемлекеттік Әнұранын бір мезгілде орындау, ақпараттық сағаттар, дөңгелек үстелдер, конференциялар, дәрістер, семинарлар, кітап көрмелері, жас мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдауы секілді жиындар бар. 100-ден астам түрлі іс-шара санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып өткізілмек.

2021 жылдың 2 маусымынан бастап «Менің рәміздерім – менің мақтанышым!» патриоттық челлендж-акциясы өтеді. Оны қолдауға елорда тұрғындары мен қонақтары шақырылады. Facebook және Instagram желісінде мемлекеттік рәміздермен байланысты фото немесе бейнетүсірілімдер, түрлі посттар #МеніңрәміздерімМеніңмақтанышым, #Мемлекеттікрәміздеркүні, #МенҚазақстанныңпатриотымын, #ЯпатриотКазахстана хештегтерін пайдалана отырып жариялануы қажет.

Сонымен қатар, қоғамдық орындарда орналастырылған LED-экрандарда, білім беру, мәдениет, спорт, медицина, СОО ұйымдарында және қоғамдық көлік мониторларында мемлекеттік рәміздер туралы аудио және бейнероликтер көрсетілетін болады.

4 маусым күні сағат 11:00-де «Атамекен» «Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешенінің жанында қала әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен жыл сайынғы автошеру басталады. ҚР Мемлекеттік туы бар 50 машинадан тұратын автокеруен елорданың басты даңғылдары мен көшелерінен – Тәуелсіздік, Тұран, Мәңгілік Ел, Ұлы Дала, Қабанбай батыр, Түркістан секілді тұстардан 29 км жүріп өтеді. Автошеру «Отан Қорғаушылар» мемориалының жанына келіп тоқтайды.

Сол күні сағат 15:00-де мереке құрметіне Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік академиялық филармониясының әртістері «Астана» концерт залында концерт ұйымдастырады. Көрермендер Майра Ілиясова, Алтынай Жорабаева, Рүстем Жүгінісов, Гүлнұр Оразымбетова, Светлана Айтбаева сынды әншілердің орындауындағы патриоттық шығармаларды тыңдайды. Іс-шараға кіру «Ashyq» мобильді қосымшасы арқылы жүргізіледі.

Мемлекеттік рәміздер күнінің құрметіне орай әрі патриоттығын көрсету үшін елордалықтар үйлерінің балкондары мен терезелеріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын іле алады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109