1439

Елордалық спортшы Олимпиада ойындарының лицензиясын жеңіп алды

Үстел теннисінен Токиодағы Олимпиада ойындарының лицензиясы үшін бәсеке аяқталды. Бүгін төрт жылдықтың басты ойындарына Нұр-Сұлтан қаласының спортшысы, үстел теннисінен ерлер құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименко жолдама алды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қазіргі уақытта Кирилл Герасименко әлемдік рейтингте 46-орында.

«Бір жағынан өз нәтижеме сенімді болдым, екінші жағынан қатты алаңдағанымды жасырмаймын. Олимпиадаға осымен үшінші рет қатысқалы отырмын. Оның екеуі – ересектер арасында, ал біреуі – жастар арасында. Еліміздің үстел теннисі федерациясының бас хатшысы Данил Вячеславович хабарласқандағы қуанышымды көрсеңіз. Мұндай нәтижеге жеткеніме сондай қуаныштымын. Енді Қарағандыда, одан кейін Алматыда жиын өтіп, өзге спортшылармен бірге Ойындарға дайындаламыз», - дейді теннисші.

Кирилл Қазақстанның туын желбіретіп, жеңіс тұғырынан көрінуді мақсат етіп отырғанын жеткізді.

Ұлттық құраманың жаттықтырушы-кеңесшісі Дмитрий Левенко елордалық спортшының әлемдік рейтингтегі позициясының арқасында олимпиадалық лицензия алғанын атап өтті.

«Осыдан төрт жыл бұрын Олимпиада ойындарына дайындық басталғанда лицензия алу жоспарын құрдық. Жоспар кезінде барлық нұсқаларды ескердік: әлемдік командалық іріктеу турнирі, Азиялық іріктеу турнирі, әлемдік іріктеу турнирі және әлемдік рейтинг нәтижелері бойынша олимпиадалық квота. Осы мүмкіндіктің біреуін орындауымыз керек болды. Әлемдік квалификациядағы 33-орын рейтинг арқылы өтуге 100% кепілдік болды. Өкінішке орай жекелеген себептерге байланысты Кирилл бұл орнын сақтап тұра алмады. Соның нәтижесінде ITTF-тің соңғы нәтижесін күтуімізге тура келді. Дегенмен әлемдік рейтингідегі 46-орын Кирилдің лицензия алатынын алдын ала іштей есептеп білдім. Ал ITTF-тің ресми хабарламасын бүгін ғана алдық», - дейді жаттықтырушы.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109