1519

Елордалық хоккей спорт мектебі Қазақстанда үздік деп танылды

Қазақстан шайбалы хоккей федерациясы шайбалы хоккейден № 10 мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебін үздік деп атап, тиісті марапатты табыс етті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

2020-2021 жылдардағы балалар мен жасөспірімдер командалары арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында елордалық спорт мектебінің тәрбиеленушілері үш алтын және екі күміс медаль жеңіп алды. Бұл жалпы командалық есепте бірінші орын алуына мүмкіндік берді.

Марапатты мектеп директоры Талғат Китаровқа шайбалы хоккейден Қазақстан федерациясының өкілі Рустам Ибраев табыстады. 

«Мектеп қызметкерлерін, барлық жаттықтырушылар құрамын, тәрбиеленушілерімізді, ата-аналарды «Шайбалы хоккейден Қазақстандағы үздік мектеп» атағымен құттықтағым келеді. Бұл жеңіске әркім өз үлесін қосты. Құттықтаймын! Бәріңізге рахмет!» — деп атап өтті спорт мектебінің директоры.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "шайбалы хоккейден №10 мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" КММ 2002 жылдың қаңтарында ашылған болатын. Бүгінде мұнда 600-ге жуық бала тегін оқиды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109