1254

Карантин талаптарын бұзу: Кейбір мекемелер түннің бір уағына дейін жұмыс істеуін тоқтатар емес

Елорданың мониторингтік топтары бірнеше ай бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп, қаланың кәсіпкерлік нысандары арасында карантин талаптарын бұзушыларды анықтап келеді. Бұл шара шектеу шараларын сақтамайтын мекемелер санын азайтуға септігін тигізуде, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Кеше, яғни 2 маусым күні мониторинг топтары төрт мекемені әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Алматы ауданының Балқантау көшесінде орналасқан «Искендер» саунасы мен сыра пабы карантин талаптарын бұзғаны анықталды.

Сарыарқа ауданында орналасқан «Insane» PS клубы жұмыс режимінің сағат 23:00-ге дейін шектелгеніне қарамастан, түн ортасына дейін жұмыс істеді. Осыған ұқсас тәртіп бұзушылықты Байқоңыр ауданындағы «Faiz» кафесі де жасады.

Жиналған материалдың бәрі тиісті шаралар қабылдау үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына тапсырылды.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша "қызыл" аймаққа енгеніне үш айға жуықтады. Қаладағы эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз болып қалуда. Сол себепті елорда тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ кәсіпкерлік нысандары коронавирустық инфекцияның одан әрі таралуын болдырмас үшін санитарлық нормалар мен карантин талаптарын қатаң сақтауы керек.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109