1537

Нұр-Сұлтанда «Шыңғыс хан» кітабының тұсаукесері өтті

Бүгін Нұр-Сұлтанда мемлекет және қоғам қайраткері, саяси ғылымдарының докторы Ержан Исақұлов пен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ғалымдар кеңесінің мүшесі, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің аға ғылыми қызметкері Оразбай Зарипбайдың «Шыңғыс хан» кітабының тұсаукесері өтті. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Іс-шараны «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Түркі әлемінің генезисі» және «Архив-2025» арнайы жобалары аясында ұйымдастырды.

Кітапта XV және XVI ғасырларда парсы тілінде жазылған Шараф ад-дин Али Йаздидің «Зафар Нама» және Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» шығармаларынан түркі тайпаларының пайда болу уақыты туралы жаңа мәліметтер келтірілген.

«Баршаңызды Шыңғыс хан туралы кітаптың бүгінгі тұсаукесерімен құттықтаймын! Кітапта ұлы ханның шежіресі, туған жері туралы зерттеулер, ғалымдардың топографиялық жазбалары және Шыңғыс хан мен оның жақындарының жерленген орны секілді өзге де мәліметтер көрсетілген. Айта кету керек, зерттеу барысында бүгінге дейін қазақ тілінде жарияланбаған «Жамиғат-ат тауарих» еңбегі аударылды, — деді кітаптың авторы Оразбай Зарипбай.

Іс-шараның мақсаты — өскелең ұрпақ арасында ұлттық тарихты насихаттау. Сондай-ақ түркі халықтары арасында тарихи және мәдени құндылықтарды дәріптеу.

Іс-шараға мемлекет қайраткері, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Мырзатай Жолдасбеков, қалалық ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов және өзге де зиялы қауым өкілдері қатысты.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109