1675

Вакцинациядан кейін иммунитетті қалай қалыптастыруға болады: Елорда дәрігерлерінің ұсынысы

Педиатр-дәрігер, №3 қалалық емхананың директоры Сәуле Нұрашева КВИ вакцинациясынан кейін адамның санитарлық нормалардың бәрін сақтаудың маңыздылығы туралы айтып, вирусқа қарсы екпе алуға қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

- Вакцина иммундық реакцияны қалай тудырады?

Иммундық жүйе организмде қозғалып, антиденелер шығарады. Коронавирустық инфекцияның патогендік вирусы ағзаға енген кезде, вакцинациядан кейін алдын-ала жасалған антиденелер вирустық ақуыздарға қосылып, оларды бұғаттайды. Бұл жағдайда вирус денеге зиян келтіре алмайды.

Адамда иммундық жүйе деңгейі әртүрлі, яғни сол адамның иммундық жағдайына байланысты болады. Кез-келген вакцина вирус жұқтырмайтынына 100% кепілдік бермейді. Бірақ адам коронавируспен ауырса да, оны вакцинацияланбаған адамға қарағанда жеңіл немесе асимптоматикалық түрде өткізеді.

- Организмде коронавирустық инфекцияға қарсы антиденелер қанша уақыт сақталады?

Вакцинациядан кейінгі иммунитет 2 жылға дейін сақталады.

- Вакцинация бізге не береді, вакцинацияны алу неге маңызды?

Жұртты вакцинациялау ұжымдық (популяциялық) иммунитетті қалыптастыруға ықпал етеді. Вакцинацияланған адам неғұрлым көп болса, ауру көрсеткіші аз болады.

Қоғамдық денсаулық сақтау тарихында пандемия туралы айтпағанда, ұжымдық иммунитет аурудың өршуіне қажетті реакция бермейтін жағдай болған жоқ. Сарапшылардың пікірінше, халықты вакцинациялау кезінде ұжымдық иммунитет кем дегенде 60%-ды құрайды.
Коронавирустық инфекцияны тұрақтандыру және болдырмас үшін халық арасында вакцинацияны кемінде 60% деңгейінде болуы керек.

Алайда, мен коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина адамда COVID-19 инфекциясын тудыруы мүмкін емес екенін сеніммен айтамын. Себебі мұндай жағдайда вирус вакцинацияланған адамдардың денесінде көбейе алмайды және иммунитеті әлсіз адамдарда да ауру туғыза алмайды.

Вакцинацияға иммундық жауап коронавирус ақуызына (антигенге) нақты антиденелер деңгейі бойынша бағаланады. Зерттеуге қатысқан барлық пациентте антиденелер (коронавирусқа қорғаныс ақуызы) 32-ден 45 күнге дейін, кейбір жағдайларда 56 күнге дейін пайда болды.

- Статистикаға сәйкес, компоненттерді алу арасында коронавирусқа шалдығу мүмкіндігі бар ма?

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары бірінші вакцинациядан кейін вакцинацияның екінші кезеңіне дейін адамдармен қарым-қатынасты азайту және алдын-алу шараларының бәрін сақтау қажет екенін айтады. Себебі иммунитет біртіндеп дамиды, сондықтан осы кезеңде адам әлсіз болады. Осы себепті ол адам коронавируспен ауыруы мүмкін.

Кез-келген вакцинация иммунитетке ауыртпалық түсіреді, сіз денеңізге вирусқа қарсы иммундық реакцияны тезірек шығару үшін көмектесуіңіз керек. Мұндай кезеңде сақтық шараларын толықтай сақтау қажет: маска тағу, қолды жуу, бөтен адамдармен қарым-қатынасты тоқтату, т.б.

- Егер вакцинаның бірінші дозасын алғаннан кейін адам әлі де коронавируспен ауырса, оған екінші компонентті енгізуге бола ма?

Мұндай адам COVID-19-бен ауырған адам ретінде саналады. Вакцинацияны аурудан кейін 6 ай ішінде салуға болады. Егер компоненттер арасында адам ЖРВИ секілді басқа жұқпалы аурумен ауырса, екінші вакцинация 21 күн өткен соң емес, емделіп болғаннан соң 2-4 аптадан кейін жасалуы керек.

Ал COVID-19 инфекциясынан жазылып болмаса, онда вакцинаның екінші компонентін ауырып болған соң бірден салудан бас тарту керек.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109