1593

Нұр-Сұлтанда зауыттар мен фабрикалар салынады

Нұр-Сұлтанда инвестициялар мәселелері жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінде зауыттар мен фабрикалар салу жөніндегі бірқатар жоба қолдау тапты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Елорда қарқынды дамып келеді. Қалада құрылыс материалдарына сұраныс жоғары. Инвестициялар мәселелері жөніндегі кезекті өңірлік үйлестіру кеңесінде алты зауыт пен фабрика құрылысы мақұлданды. Мысалы, кірпіш зауытын салу, темір-бетон бұйымдарын, кеспе тастар мен жиек тастарды, санфаянс пен керамиканы өндіру жобалары қаралып, қолдау тапты.

Бүгін кірпіш зауытының құрылыс орнына бардық. Зауыттың өндірістік қуаты жылына 120 млн дана қыш кірпішті құрайды. Жобаны іске асыру шаршы метрдің өзіндік құнын төмендетуге және өндіріс көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Зауыт толығымен автоматтандырылған болады. Газбен біркелкі күйдіру есебінен қатардағы және қапталған керамикалық кірпіш шығару көзделген.

Тағы бір жоба - жұмсақ және корпустық жиһаз, сондай-ақ есіктер шығару жобасы. Жаңа жиһаз фабрикасы жылына 24 мыңға жуық жұмсақ және шкаф жиһаздарын шығарады, ал есік шығаратын зауыт айына 2000-ға дейін ішкі есіктер жиынтығын шығарады. Инвесторлардың осы салада айтарлықтай тәжірибесі бар.

Қолдау тапқан жобаларды жүзеге асыру 1 мыңға жуық жұмыс орнын ашуға және ел экономикасына 50 млрд теңге тартуға мүмкіндік береді.

Өткен жылы қалада 3 млн шаршы метр тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді. Мысалы, 2020 жылы 7 мыңнан астам әлеуметтік пәтер салынды, биыл бұл көрсеткішті 10 мыңға дейін көтереміз. Тиісінше, ілеспе өндірістерді – "қарапайым заттар экономикасын" дамыту қажет. Отандық өндірушілерді, қала мен тұрғындар үшін қажетті жобаларды қолдау маңызды. Құрылыс индустриясының өндірісін кеңейту қажет. Әрбір жеке жоба - бұл жеке инвестицияларды тарту ғана емес, жаңа жұмыс орындарын құру.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша инвесторларға қолайлы жағдай жасаймыз. Қолдау көрсетілген жобаларды іске асыру барысын әрбір инвестормен жеке пысықтаймыз», - деп жазды елорда әкімі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109