1864

Нұр-Сұлтанда «Мерейлі отбасы» байқауына өтінімдер қабылдау жалғасып жатыр

Елордада «Мерейлі отбасы-2021» ұлттық байқауының қалалық кезеңіне өтінімдер қабылдау жалғасуда. Қазақстанның Тұңғыш Президенті бастамашылық еткен бұл байқау осымен жетінші жыл өткізіліп келеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Конкурстың негізгі мақсаты – отбасы институтын, адамгершілікті, руханилықты, некенің маңыздылығын насихаттау, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларға және қарт ата-аналарға қамқорлық көрсетуді насихаттау, қазақ отбасының оң имиджін нығайту.

Конкурсқа өздігімен өтініш беру арқылы қатысуға болады, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар, заңды тұлғалар ұсынған отбасылар қатысады.

Естеріңізге сала кетейік, «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына өтінімдерді қабылдау 15 мамырда басталып, 15 маусымда аяқталады.

Елордадағы байқауға қатысушылардың саны жыл сайын артып келеді. 2018 жылы 51 отбасы, ал 2019 жылы 63 отбасы өтініш берген болатын.


Конкурс екі кезеңде өткізіледі: аудандық және қалалық.

Бірінші кезең аясында конкурсқа қатысу өтінімдерін аудандық әкімдіктердің комиссиялары қабылдайды.

Материалдармен танысқаннан кейін аудандық комиссия 15-30 маусым аралығында жеңімпаздарды және қалалық кезеңге өтетін 2 отбасын анықтау үшін отырыс өткізеді.

Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер PDF форматында мына электрондық пошта арқылы қабылданады: mereiliotbasy2021@mail.kz.
Қатысу шарттары туралы толық ақпаратты келесі телефон нөмірлері арқылы біле аласыз: +7(777)010 40 42, +7(7172)55 67 08.

Сондай-ақ, сілтемеде толық мәлімет көрсетілген: https://astana.gov.kz/ru/news/informaciya/27380.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109