1300

Бокстан Азия чемпиондары Нұр-Сұлтанға келді

Нұр-Сұлтанға Дубайдан бокстан Азия чемпиондары келді. Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында спортшыларды отбасылары мен достары ғана емес, Қазақстан бокс федерациясы, елорда әкімдігі мен спорт мектептерінің өкілдері де қарсы алды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Ләззат Күнгейбаева, Римма Волосенко, Валентина Хальзова, Диана Жоламан, Милан Сафронова, Марина Вольнова және Владислав Кухта өздерінің жеңістерін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнағанын жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, Азия чемпионатында ерлер мен әйелдер құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды. Осылайша, ұлттық құраманың қоржынында 8 алтын, 6 күміс және екі қола медаль бар.

Қазақстан бокс федерациясы белгілеген жүлде қорына сәйкес алтын жүлдегерлерге 10 мың доллар, күміске 5 мың доллар, қолаға 2,5 мың доллар тапсырылады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109