2254

«Сарыарқа» СОО-да вакцина қабылдағандарға түрлі сыйлықтар таратылуда

Сауда орталықтары мен сауда үйлерінде вакцинацияланғандарға сыйлықтар таратылуда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
 
"Сарыарқа" сауда орталығында вакцинацияны насихаттау үшін жеңілдік купондары таратылады.

«Бізде вакцинация пункті 12 мамыр күні ашылды. Күн сайын 10:00-ден 22:00-ге дейін демалыссыз жұмыс істейді. Вакциналанғандар үшін Actual Optic-тен 5 мың теңгеге жеңілдік купоны беріледі. Сондай-ақ, олар бланкті толтырған соң «Кинопаркке» жеңілдік ала алады. Ересек адамға – 1500 теңге, студенттерге – 1200 теңге», — деді СОО әкімшісі Ажар Әбілғазина.

Аталмыш СОО-дағы дәрігерлердің жұмысына жұртшылық жылы лебіздерін білдірді.

«Мен вакцинаның екінші компонентін алдым. Ол жайлы оң пікірдемін. Дәрігерлер кері әсерлері секілді болуы мүмкін жағдайдың бәрін түсіндіреді. Алғашқы компонентінен кейін жанама әсерлері болған жоқ. Бәрі жақсы өтті», — деді елорда тұрғыны Дияр Тасым.

Естеріңізге сала кетейік, елордада КВИ-ға қарсы вакцинациялаудың 100-ден астам пункті ашылған: БМСК мекемелерінде, сондай-ақ ірі СОО-лар мен сауда үйлерінде. Олардың қатарында "Mega Silk Way", "Keruen", "Хан Шатыр", "Сарыарқа", "Еуразия", "Абу-Даби Плаза", "Азия Парк", "Биг Шанхай", Орталық базар, "Әлем" бар.

Вакцинация пункттері демалыссыз сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді.

Сондай-ақ, халықтың жоғары белсенділігін ескере отырып, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы көшпелі бригадалар ұйымдастырып, еңбек ұжымдарын жаппай вакцинациялау жүргізіп жатыр.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109