1695

Елордалық барда 250-ге жуық адам бір уақытта көңіл көтерді

Елорданың мониторингтік топтары бірнеше ай бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп келеді. Олар күн сайын қаланың кәсіпкерлік нысандары арасында карантин бұзушыларды анықтауда. Мекемелерде саннормалар, бетперде режимі, әлеуметтік қашықтық жиі бұзылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Өткен тәулікте, яғни 4 маусымда мониторингтік топтар 5 мекемені әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Алматы ауданында 4 мекеме карантин режимін бұзғаны анықталды. Олар: екі лото клубы, "Алания" түнгі клубы және "One Bar" бар. 

Сарыарқа ауданында "Анор" асханасы 22:00-ден кейін де жұмыс істеуін тоқтатқан жоқ.

Ал Байқоңыр ауданында орналасқан "Порта Фортуна" мейрамханасында 50 адамға арналған үйлену тойы өтті. Сондай-ақ, "Драфт", "Мята" барлары карантинді бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Есіл ауданында "Cabera" гриль-барында мониторингтік топ бір уақытта 250 адамның болғанын анықтады. 

Жиналған материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына тапсырылды.

Естеріңізге сала кетейік, ел астанасы «қызыл» аймаққа енгеніне үшінші ай болды. Қаладағы эпидемиологиялық жағдай әлі де тұрақсыз. Елорда тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ кәсіпкерлік нысандары коронавирустық инфекцияның одан әрі таралуын болдырмас үшін санитарлық нормалар мен карантин талаптарын қатаң сақтауы керек.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109