1392

Нұр-Сұлтанда «Түркия-Қазақстан бауырластық аллеясы» ашылды

Түркия мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына орай Нұр-Сұлтанның ең көрікті саябағының бірі — Президенттік саябақта «Түркия-Қазақстан бауырластық аллеясы» ашылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Есіл өзенінің жағалауында ашылған және ҚР Президентінің резиденциясы – Ақордаға қарама-қарсы орналасқан аллеяға бауырлас елдердің әр жылын бейнелейтін 30 тал ағаш отырғызылды. Ашылу салтанатына Түркия Елшісі Уфук Экиджи, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен, Халықаралық түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Әзербайжан Елшісі Рашад Мамедов, ҚР СІМ департамент директоры Оңталап Оңалбаев және Нұр-Сұлтандағы түрік қауымдастығының өкілдері қатысты.

«Түркия Республикасы елімізді егемендік алғаннан бері қолдаған мемлекеттердің бірі. Бауырлас елдің қолдауы біз үшін қашанда маңызды. Қазақстанның тәуелсіздік жылдарғы Түркиямен қарым-қатынасы ынтымақтастық, өзара қолдау және сындарлы әріптестік аясында нығайып, дамып келеді.

«Түркия-Қазақстан бауырластық аллеясы» Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстанды жасыл елге айналдыру бастамасы аясында ашылды.

Бүгінгі іс-шара екі ел арасындағы достық байланысты одан әрі нығайтуға ықпал етеді. Қазақстан мен Түркия өз өңірлерінде жетекші орындарға ие және көптеген мәселеде ұқсас ұстанымдарға ие. Түрік тарапына және айтулы іс-шараның барлық қатысушысына қаламызды көгалдандыру ісіне қосқан үлесі үшін алғыс айтамын», — деді Бақтияр Мәкен.

Аллеяның ашылуы Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр.

Естеріңізге салсақ, 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздігін ең алғаш болып Түркия елі мойындаған болатын. Бауырлас елдер арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылдың 2 наурызынан бастау алады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109