1273

Елордада «Duathlon Olympic day» турнирі өтті

Нұр-Сұлтан қаласындағы ботаникалық бақта Халықаралық Олимпиада күніне арналған дуатлоннан «Duathlon Olympic day» турнирі өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шара Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, NOMAD TriClub Iron Qazaqstan, Нұр-Сұлтан қаласының триатлон федерациясы, Ұлттық Олимпиада комитеті қолдай отырып, «Nur Otan» партиясымен бірлесе ұйымдастырған.

Әр қашықтықтың ұзындығы Халықаралық Олимпиада күнін атап өту датасымен (23.06.2021) байланысты:

Жүгіру – 6 км – Ботаникалық бақтың ішінде үлкен шеңберде 2 айналым;
Вело – 23 км – Ботаникалық бақтың айналасында 5 айналым;
Жүгіру – 2021 метр – Ботаникалық бақтың ішіндегі үлкен шеңберде 1 айналым деп белгіленді.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдергері:
Ерлер арасында:
1 орын - Дмитрий Адамович
2 орын - Антон Чиканков
3 орын - Қайрат Қоянбаев

Әйелдер арасында:
1 орын - Айна Үсенова
2 орын - Айнұр Құшарова
3 орын - Гүлмира Әменова

Қатысушыларға мәреде естелік медальдар мен сертификаттар табысталып, жарыс жеңімпаздары демеушілер ұсынған арнайы сыйлықтармен марапатталды.

«Жарыс ұйымдастырушыларына осындай спорттық мереке өткізгені үшін алғысымды білдіремін. Бәрі ойдағыдай өтті. Ерекше әсерге бөленіп, көңіл күйіміз көтеріліп қалды. Осындай жарыстар жиі ұйымдастырылса жақсы болар еді», — деді дуатон жеңімпазы Айна Үсенова.
«Мұндай жарыстар адамға жігер береді. Спортпен шұғылданған адам ешқашан ауырмайды. Бәріңізді спортпен шұғылдануға шақырамын. Сондай-ақ бүгінгі жарысты ұйымдастыруға көмектескен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне ерекше алғысымды білдіремін», — деп атап өтті қалалық триатлон федерациясының президенті Ержан Біржанов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109