1303

Елордада өткен тәулікте карантин талаптарын бұзған 10 мекеме анықталды

Елорданың мониторингтік топтары бірнеше ай бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп, кәсіпкерлік нысандары арасында карантин бұзушыларды анықтап келеді. Өткен демалыс күндері Нұр-Сұлтанның барлық ауданында карантин талаптары бұзылғаны анықталды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Мәселен, өткен тәулікте, яғни 6 маусымда мониторингтік топтар 10 мекемені әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Алматы ауданы Нәжімеденов көшесі, 14 мекенжайындағы "Панаехали" барында карантин бұзылғаны анықталды.Сол сияқты Байқоңыр ауданында Кенесары көшесі, 65 мекенжайында орналасқан «С кайфом» лаундж бары санэпидемиологиялық нормаларды бұза отырып жұмыс істеген.

Ал Есіл ауданында бірден 7 ойын-сауық мекемесі карантин режимін бұзды.
Сарыарқа ауданында Respawn компьютерлік клубы бас санитарлық дәрігердің қаулысына қарамастан сағат 23:00-ден кейін жұмыс істеді.

Жиналған материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына тапсырылды.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша "қызыл" аймаққа енгеніне үшінші ай болды. Қаладағы эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз болып қалуда. Сондықтан елорда тұрғындары мен қонақтары, кәсіпкерлік нысандары коронавирустық инфекцияның одан әрі таралуын болдырмас үшін санитарлық нормалар мен карантин талаптарын қатаң сақтауы тиіс.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109