1267

ПИК өкілдерімен кездесуде азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ету мәселесі талқыланды

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің бастығы генерал-майор Ержан Саденов ПИК және МИБ өкілдерімен онлайн режимде кездесу өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Кездесуде ең өзекті мәселелер мен одан әрі ынтымақтастықтың негізгі басымдықтары талқыланды. Конференцияға қызмет көрсететін ұйымдардың 86 өкілі қатысты.

Талқылау барысында қатысушылар белгілі тұрғылықты жері жоқ, алкогольді және есірткіні теріс пайдаланатын адамдардың қоғамдық тәртіпті бұзуы секілді түйткілді мәселелерді атап өтті. Сонымен қатар, қосымша бейнебақылау камераларын орнату, каникул кезеңінде аулаларда балалаға түсіндіру жұмысын жүргізу үшін кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі инспекторларды жұмылдыру, учаскелік инспекторлардың санын ұлғайту және оларды көлікпен қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Айта кетейік, қалада 700-ден астам ПИК пен МИБ бар. Мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғаса бермек.

Бүгінгі таңда учаскелік инспекторлар жалпы үй чаттарына қосылған. Олардың саны 2 мыңнан асады. Бұл бағыттағы жұмыс полицияның халықпен өзара байланысын нығайтуда табысты жүзеге асып келеді.

Елордалық полиция басшысының өкімі бойынша әрбір ПИК пен МИБ үшін учаскелік полиция қызметкерінің жұмысына бақылауды жүзеге асыру мақсатында департамент аппараты мен аумақтық бөлімшелердің басшылары бекітілді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Полиция қадамдық қолжетімділікте» қағидаты іске асырылуда. Осы тапсырманы іске асыру мақсатында ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е.З. Тұрғымбаев 2021 жылды «Құқық бұзушылықтың алдын алу жылы» деп жариялады. Биыл елордада жұрт көп жиналатын орындарда заманауи модульдік бекеттер ашылады, сол сияқты учаскелік полиция инспекторларының санын арттыру жоспарланып отыр. Материалдық-техникалық жабдықтау жақсарды. Құқықтық тәртіпті қорғау, азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ету біз үшін басты міндет болып саналады», - деп атап өтті ПД бастығы Ержан Сәденов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109