1199

«Еңбек» бағдарламасы бойынша биыл қанша адам кәсіптік оқудан өтеді

Нәтижелі жұмыспен қамту және кісіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында 2021 жылы 200 адам кәсіптік білім беру, қайта даярлауды қамтитын оқытуларға жіберу жоспарланып отыр. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Қазір мына мамандықтар бойынша қатысушылар оқуды бастады: Кондитер – 15, портной тігінші – 39, наубайшы – 8, аспаз – 22, электромонтёр – 5, кран машинисі – 4, электргаздәнекерлеуші – 4, слесарь-сантехник – 2, шаштараз – 13, кассир бақылаушы – 10, тәрбиеші – 8, тәрбиеші көмекшісі – 2, тігінші – 14 адам жаңа кәсіп үйреніп жатыр.

Сондай-ақ, Жұмыспен қамту орталығы жұмыссыз азаматтарды келесі мамандықтар бойынша қысқа мерзімді оқуға қабылдау жүргізеді. Олар: наубайшы – 1 , аспаз – 1, шаштараз – 3, Электромонтёр – 5, слесарь-сантехник – 3. Осы мамандықтар бойынша өтініш жазып, бағдарламаға қатысуға болады.

Бағдарламаға қатысушылар мемлекеттік қолдаумен қамтамасыз етіледі, оқу кезеңінде 21 787 теңге мөлшерінде шәкіртақы және медициналық тексеруден өту үшін материалдық көмек төленеді.Оқу мерзімі оқытылатын мамандыққа байланысты 2-3 ай аралығын құрайды.

«Биыл жаңа кәсіп меңгеру туралы шешім қабылдадым. Ол үшін Халықты жұмыспен қамту орталығының қабылдауына келіп, «Кран машинисі» кәсіптік курсқа жолдама алдым. Оқуды аяқтағаннан кейін әлеуметтік келісімшарт бойынша «Invest City» ЖШС-ға жұмысқа тұрамын», - деді Қысқа мерзімді кәсіптік оқуға қатысушының бірі Сапаргүл Оспанова.

Сондай-ақ, қысқа мерзімді кәсіптік оқу бағдарламасына мүгедектігі бар азматтар да қатыса алады. Ринат Реймер 3-топ мүгедегі. Ол қазір кәсіптік оқуды ұйымдастыратын «Қоғамдық тамақтану және сервис колледжінде» «наубайшы» мамандығы бойынша оқудан өтіп жатыр. Оқуын аяқтағаннан кейін «Балжидек» ЖШС-ға жұмысқа орналасуды жоспарлап отыр».

Кәсіптік оқыту мәселелері бойынша қосымша ақпарта алу үшін: +7 775 753 43 91/ 8 (7172) -954424, 954416 нөмірлеріне хабарласып білуге болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109