2237

Осы аптада елордада қандай мәдени шаралар өтеді

Осы аптада ақын Сәкен Сейфуллиннің өмірбаяны, «АЛЖИР» тұтқындарының өмірі туралы етене біле аласыз, сол сияқты театрлық қойылымдар секілді түрлі іс-шаралар өтеді. Нұр-Сұлтан қалсының Мәдениет басқармасы мәдени іс-шаралар тізімін жариялады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
«Нұр-Сұлтан қаласының біріккен музейлер дирекциясы» МКҚК-да «Сәкен Сейфуллин музейінің құрылымдық бөлімшесінде» қазақ ақынына арналған 5 іс-шара өтеді. 7-11 маусым аралығында елорда тұрғындары мен қонақтары бейнероликтер, ақынның шығармаларын мәнерлеп оқу, сондай-ақ экскурсияның видеосы мен фотосуреттерін тамашалай алады.

Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде («АЛЖИР» тұтқыны Ревекка Журбинаның туғанына 125 жыл толуына орай) 7-10 маусым аралығында «Нерасстрелянная вера» атты онлайн көрме өтеді.

«Наз» мемлекеттік би театрында 7 және 10 маусымда әсерлі билердің онлайн көрсетілімдері және театр әртістерінің орындауында би қимылдары бойынша мастер-класс өтеді. 12 маусымда Аффари бизнес-орталығында «Қимылмен өрнектелген «Наз» би әлемі» атты концерттік бағдарлама өтеді.

11-13 маусым аралығында қуыршақ театрында «Қуыршақ театры» МКҚК-да түрлі-түсті қуыршақ балеттері өтеді.

«Астана» концерт залында елорда жастары арасында тоғызқұмалақтан «Brain Games» турнирі өтті. 10 маусымда мұнда «Сарыарқа» фольклорлық ансамблінің қатысуымен халық әні бөлімінің XVIII концерттік маусымының жабылуы аясында «Ән самалы» іс-шарасы өтеді деп күтілуде.

«М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры» 10-12 маусым аралығында үш қойылым қояды. Бұл күндері «Братья Гримм» импровизациясы және Г.Гориннің «Кин IV» трагикомиялық астарлы әңгімесінің премьерасы өтеді.

Тарихи-мәдени мұра ескерткіштері мен нысандарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі орталық «Киелі карта. Елордананың ескерткіштері мен нысандарындағы Нұр-Сұлтан тарихы» онлайн-лекциясын 10 маусымға жоспарлап отыр.

«Жас көрерменнің музыкалық театры» 7 маусым күні «Мертвые души» траги-фарс премьерасын көрсетеді.

«NOMAD City Hall» МКҚК көрермендер назарына «Ауыл хикаялары» драмасын ұсынады. Ал 12 маусым күні 19:00-де «Ауыл хикаялары» спектаклі жазушы Оралхан Бөкейдің ауыл туралы «Апамның астауы», «Маңдайдан бағың таймаса», «Қош, махаббатым» әңгімелерінің желісі бойынша қойылады. Спектакльде алғашқы махаббат, туыстық қарым-қатынас туралы баяндалады.
Спектакльдің режиссері: Әли Бидахмет, Нұржігіт Мүсілім.

Спектакльдің көркемдік жетекшісі: ҚР Еңбек сіңірген қайраткері – Сайлау Қамиев.

«Астаналық цирк» 8 маусым күні елорда тұрғындары мен қонақтарына «Әлем цирктері» онлайн бағдарламасын ұсынады. Ал «Атамекен «Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешені «Халықаралық теңіз күні» және «Халықаралық достар күні» онлайн көрмелерін өткізеді.

«Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коворкинг орталығында қызығушылық білдіргендер үшін ағылшын тілі, арт-терапия, шахмат, тоғызқұмалақ сабақтарын өткізеді. Ал 9 маусымда «Флора» бөлме өсімдіктері клубының жиналысы өтеді. Егер демалыс күндерін көңілді өткізгіңіз келсе, «Ашық аспан астындағы кітапханаға: жазғы оқу залына» баруыңызға болады. «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» Промышленное кентіндегі #15 коворкинг орталығында ағылшын тілі, арт-терапия, шахмат, тоғызқұмалақ бойынша дәріс өткізеді; 9 маусымда #5 бұқаралық кітапханасында "Флора" бөлме өсімдіктерін ұнататындар үшін кездесу өткізеді.

Егер демалыс күндерін ойдағыдай өткізгіңіз келсе, қалалық саябақта, «Жазушылар аллеясында» ашылған «Ашық аспан астындағы кітапханаға: жазғы оқу залына» баруыңызға болады.
Айта кету керек, іс-шаралардың бәрі санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізіледі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109