989

Қазақстандық спортшы Италиядағы Әлем Кубогында күміс медаль жеңіп алды

Қазақстандық спортшы Малика Мұхтарова пара биден Италияда өткен Әлем Кубогында күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Сезімімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Бірақ, шынымды айтсам, өзімнің қойылымыма 100 пайыз көңілім толмады. Бұл карантиннен кейінгі алғашқы халықаралық жарыс, сондықтан бәрі әлі алда. Жарыста күтпеген жағдайлар болды, мысалы жұрт алдына шығар алдында көйлегімнің белбеуі жыртылып қалды. Оны паркетке шығар алдында ғана тікті. Арбам да сынып қала жаздады. Бірақ, біздің құрамамызға ешнәрсе кедергі келтіре алмайды», - деп бөлісті Малика.

Бәсеке Генуя қаласында өтті. Онда Қазақстан намысын 4 спортшы қорғады. Әлем Кубогы 2022 жылы Кореяда өтетін әлем чемпионатына тікелей іріктеу болып саналады. Жарысқа әлемнің 12 елінен 300-ден астам спортшы қатысты.

«Мен ешқандай наным-сенімге сенбеймін. Менің өмірлік ұраным: «Мен болмасам кім?» немесе «Менен басқа бұл мақсатқа кім жетеді». Міне өзімді осылай қайраймын. Пара би мен үшін өзімді физикалық тұрғыда шыңдау, шыдамдылығымды тексеру, ал ең алдымен команданың бірлігі. Осының бәрі алға ұмтылуыма мотивация береді», - дейді Малика Мұхтарова.

Айта кетейік, төрешілер бригадасына Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, елордалық пара би мектебінің жаттықтырушысы Әлия Майданқызы шақырылды. Іріктеу Ұлттық паралимпиада комитетінің шешімімен және жеке комиссияның шешімімен өтті.

Әлем Кубогының күміс жүлдегері бүгін Нұр-Сұлтанға жергілікті уақытпен 23:15-те келеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109