1593

Нұр-Сұлтанда алдағы бес жыл ішінде 65-тен астам мектеп салу жоспарланып отыр

Елорда тұрғындарының саны жылдан жылға артып келеді. Есепке сәйкес, 2030 жылға қарай елордада 400 мыңға жуық оқушы болады. Оларды оқу орындарымен қамтамасыз ету үшін жыл сайын қалада кем дегенде 10 жаңа мектеп ашылу қажет. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісіне берген сұхбатында мәлім етті.

«Халық саны, соның ішінде оқушылар саны да үдері өсуде. Мәселен, 2010 жылы қалада 74 мың мектеп оқушысы болған болса, қазір 193 мың оқушы бар. Енді 10 жылдан кейін 2030 жылы, бұл көрсеткіш 400 000 оқушыға дейін өспек. Енді соған сәйкес мектептер құрылысы да қарқынды болу керек. Алдағы бес жыл ішінде 80 880 оқушыға арналған 67 мектеп салу жоспарланып отыр», - деді әкім.

Ол өз сөзінде былтыр пандемияның өршіп тұрғанына қарамастан елордада 11 мектеп жаңадан бой түзегенін, биыл тағы 16 мектептің құрылысы жүргізіліп жатқанын айтты.

Алтай Көлгінов сөз арасында ұстаздарды ынталандыру жұмысы қалай жүргізіліп жатқанын да қозғап өтті.
«Білім беру мекемелерін ғимаратпен қана қамту жеткіліксіз. Сапалы білімді арттыру мақсатында болашақ педагогтарды ынталандыру үшін, орта білім алуға жыл сайын 800, жоғары білім алуға тағы 300 әкім грантын бөлу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту үлесі жоспарлы түрде артатын болады», - дейді Алтай Сейдірұлы.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109