787

«Жасыл Ел» қатарында 1200 адам еңбек етеді

«Жасыл Ел» еңбек жасағында 1200-ге жуық адам жұмыс істейді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Биыл Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты басқармасының бастамасымен XVII маусым іске қосылды.

2017 жылдан бастап 2019 жылға дейін «Жасыл Ел» қатарында 900-ден астам адам болса, уақыт өткен сайын елордалықтардың қызығушылығы да артты. Қазіргі уақытта квота 1 200 адамға дейін ұлғайтылды.

Атап айтқанда, жобаға қатысуға әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балалары мен жұмыссыз жастар тартылады. Мысалы, былтыр әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан 700-ден астам адам жұмысқа орналасты.

Бұған дейін жастарға берілетін жәрдемақының мөлшері 35 394 теңгені құраса, биыл жәрдемақы көлемін 10 АЕК-ке (64 мың теңге) ұлғайту жоспарланып отыр.

14-29 жас аралығындағы жастар жобада 3 санат бойынша жұмыс істейді:
1. Әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың 14-17 жастағы балалары.
2. Университеттер мен колледждердің 17-22 жас аралығындағы студенттері;
3. 18-29 жас аралығындағы жұмыссыз азаматтар.

Қазіргі уақытта жастар төрт бағыт бойынша жұмыс істейді: Біріншісі – қалалық саябақтар, екіншісі – құрылыс алаңдары, үшіншісі – «Жасыл белдеу». Ал төртінші бағыт бойынша 14-16 жастағы кәмелетке толмағандар қаланың білім беру мекемелерін абаттандыру мен жинауға қосымша жұмылдырылды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109