1344

Елордада әр сенбі сайын «Ашық аспан астындағы кітапхана» өтеді

Нұр-Сұлтанда өткен аптада алғаш рет «Ашық аспан астындағы кітапхана» жобасы бастау алған болатын. Енді бұл іс-шара әр демалыс сайын ұйымдастырылып тұратын болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жобаның ұйымдастырушысы – «Байқоңыр» ауданы әкімінің аппараты. Алдағы жаз маусымына арнайы ұйымдастырылған бұл іс-шара әр сенбі сайын дәстүрлі түрде өткізілетін болады. Пайдасы мол бастаманың мақсаты – жазғы демалыста оқушыларды, студенттерді және аудан тұрғындарын оқуға тарту, уақыттарын тиімді өткізу, сонымен қатар кітапханаға тұрақты оқырман ретінде жазылуға мүмкіндік жасау.

Аспан астындағы кітапханада көбіне балаларға арналған әдебиеттер, әйгілі жазушылардың поэмалары, шығармалары қойылады.

«Ашық аспан астындағы кітапхана» жобасы осы аптада 12 маусым күні сағат 11:00-де Абай даңғылы мен Ә.Сембинов көшесінің қиылысында орналасқан Қаламгерлер аллеясында өтеді.

Іс-шараға ақын, әдебиеттанушы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлы қатысады. Шара барысында ақынның өлеңдері оқылып, ән де айтылмақ. Ендеше, кітап сүйер балақайлар мен елорда тұрғындарын демалыс күндерін тиімді пайдаланып, поэзия әлеміне бірге саяхаттауға шақырамыз!

Айта кетейік, іс-шара санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып өтеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109