1426

«Ashyq» жобасы аясында 1000-нан астам кәсіпкерлік нысан жұмыс істейді

«Ashyq» жобасы аясында жұмыс істейтін кәсіпкерлердің тізімі күн сайын артып келеді. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтанда бұл жоба бойынша 1049 бизнес субъектісі жұмыс істейді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жоба аясында 62 фитнес-клуб, 27 спа-орталық, 17 бассейн, 3 боулинг-клуб, 42 компьютер клубы, 33 сауна, 760 қоғамдық тамақтану ұйымы, 11 кинотеатр, 7 театр, 5 концерттік ұйым, 9 бильярд клубы, 3 көрме орталығы, 19 лотоклуб, жобаның 43 ерікті қатысушысы, 4 қонақ үй және 5 балалар ойын-сауық орталығы жұмыс істейді.

Хабарламада айтылғандай, тағы 40-қа жуық қоғамдық тамақтандыру нысаны жобаға қосылуға ниет білдірді.

«Ashyq» пилоттық жобасы бірінші кезекте келушілер мен персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ сол аймақтағы эпидемиологиялық жағдайға қарамастан бизнестің, кәсіпкерлік нысандарының шектеусіз жұмыс істеуіне мүмкіндік беріледі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109