970

Нұр-Сұлтан мен Қазан туризм және инвестициялар саласында тәжірибе алмасады

Қазақстан делегациясы Қазан қаласына жұмыс сапарымен барды. Ол жақта Нұр-Сұлтан мен Қазан қалаларының туристік әлеуетін дамыту, инвестициялық жобалардағы ынтымақтастық, сондай-ақ қалалық гүлзарлар мен саябақтардың жұмысында тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Қазақстандық делегацияның қатарында «Astana Invest» ҚИДО» ЖШС, «Астана-Технополис» АЭА және «Павлодар» АЭА басшылары болды. Олар Қазандағы Татарстан Республикасының инвестициялық даму агенттігінің басшылығымен кездесті.

Екі тарап ынтымақтастықты одан әрі дамыту және тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, инвестициялық іс-шараларға қатысу, оның ішінде екі мемлекеттің басым секторларына инвестициялар тарту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Өз кезегінде «Astana Invest» басқарма төрағасы Ержан Балтаев Қазан қаласының туризмді дамыту комитетінің директоры Дарья Санниковамен кездесті.

Олар Нұр-Сұлтан және Қазан қалаларының туристік әлеуетін дамытуға, туристерді тартуға бағытталған бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың перспективалары секілді кең ауқымды мәселелерді талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту туралы келісімге келді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109