1440

Нұр-Сұлтанда демалыс орындары мен жасыл желектер көбейеді – Алтай Көлгінов

Елорданы көгалдандыру кең ауқымда жалғасады. Бұл туралы «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісіне берген сұхбатында Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Әкім экологияны жақсартып, тұрғындардың демалыста уақыт өткізуіне қолайлы орындар жасау үшін көгалдандыру жалғаса беретінін жеткізді. Аулалар мен қоғамдық кеңістіктерде (саябақтар, скверлер, бульварлар) тал-терек егу жалғасады.

«Б.Момышұлы даңғылы бойымен жағалауға дейін жаяу жүргіншілер желекжолын абаттандырамыз. «Толқын тәрізді аллея» аумағында үстел теннисі мен шахматқа арналған үстелдер, демалуға және әткеншек тебуге арналған көлеңкелі аймақтар орнатуды жоспарлап отырмыз. Бұл «Триатлон паркін» жаңа бөртегүл бағымен біріктіре отырып, эко-маршрут құруға мүмкіндік береді. Онда мыңнан астам бөртегүл көшетін отырғызамыз», - деді әкім.

Оның айтуынша, елорданы абаттандыру жұмысы «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспарының негізгі тұжырымдамасына сәйкес жүзеге асырылуда. Бұл бағыт бойынша өзіндік даму картасы бар.

Әкім өз сөзінде былтыр Триатлон саябағын ауқымды абаттандыру басталғанын еске салды. Өткен жылы қалада алғаш рет көпірасты алаңдар жасалды. Сарайшық көшесіндегі «Арқар» көпірінің астында спортпен айналысуға арналған бірнеше аймақ ашылып, саябақ аумағында футбол алаңдары орнатылды. Бұл – Триатлон мен Президент саябағы арасындағы көпір, ол биыл да жалғасады.

Бұдан басқа, Тұңғыш Президент саябағында көлеңкелі бастырмалар, әткеншектер, үш субұрқақ, оның ішінде тұманды булану, орындықтар және т.б. орнатылды. Алдағы уақытта өзен арқылы вело-жаяу жүргінші көпірін салу жоспарланып отыр. Бұл көпір екі саябақты – Тұңғыш Президент саябағы мен Есіл өзенінің бойындағы саябақты бірыңғай кластермен біріктіруге мүмкіндік береді.

Әзірбайжан Мамбетов көшесі бойында, қаланың оң жағалауында «Демалыс Променад» деп, қазір жаңа қоғамдық кеңістік жасалды. Бұл Арбат іспетті, жаяу жүргіншілерге арналған кеңістік болды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109