2094

«Demalys Promenade»: Елордада жаяу жүргіншілерге арналған кеңістік ашылады

«Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспары аясында «Demalys Promenade» – Мәмбетовке арналған демалыс күнгі көше жобасы іске 12 маусымда қосылады. Жаз бойына барлық демалыс күндері аумақта шығармашылық ұжымдардың, концерттік ұйымдардың және Нұр-Сұлтан қаласының театрларының қойылымдары болады. Сағат таңғы 10:30-21:30 аралығында қала тұрғындарын ересектер мен балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы күтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Демалыс күні жаяу жүргіншілер көшесі Әзірбайжан Мәмбетов көшесінің Абай көшесінен Кенесары көшесіне дейінгі бөлігі болады. Жаяу жүру аумағы кіреберіс аркадан басталады, оған жақын жерде қойылымдарға арналған сахна орнатылады. Одан әрі жаяу жүргіншілер көшесінің бойында шатырлары бар сауда-көрме алаңы орналасады. Сондай-ақ суретшілер бұрышы, шахмат ойнауға, ұлттық ойындарға («асық ату» және «тоғыз құмалақ») арналған орындар болады. Сондай-ақ, ерекше инсталляциялар, бар-үстелдер және арт-нысандардан фото аймақтары орнатылады.

«Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспарын іске асыру аясында қала әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша қоғамдық орындар мен аулалардың құрылысына көңіл бөлінеді. Осылардың бірі – «DEMALYS PROMENAD». Біздің тұрғындар мен қонақтар үшін тағы бір тартымды орын ашылады. Қаламыздың тарихи бөлігі одан да қызықты болатынына сенімдімін. Жаздың басында Ж.Омаров көшесінде (Республика даңғылынан М. Әуезов көшесіне дейін) «Театр бульварының» бір бөлігі ашылды. Сондай-ақ, Есіл өзенінің жағалауында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Ол жерде демалуға арналған қызықты орындар, «Атырау» жаяу жүргіншілер көпірінен Қабанбай батыр көпіріне дейінгі велосипед жолы болады. Сонымен қатар, Республика даңғылының тротуар бөлігінде, Самал ықшам ауданынан Гете көшесіне дейін жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 4 қоғамдық кеңістік салынады. Бұл жұмыстардың бәрі тұрғындар үшін, олардың ыңғайлығы және тиімді демалуы үшін жасалады», - деді Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының әкімі Е. Байкен.

Мұнда кешкі серуенге ыңғайлы болу үшін жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі. Кейбір үйлердің қасбеттері граффитимен, сондай-ақ граффити-фестивальдеріне арналған құрылымдармен безендіріледі.

Әр демалыс сайын таңғы сағат 10:30-дан кешкі 21:30-ға дейін Нұр-Сұлтан қаласының театрлары мен концерттік ұйымдары ұсынған үздік концерттер өтеді. Art Space шағын кеңістіктері еркін әртістердің, жастар театрларының, аниматорлардың және басқа да шығармашылық кластер өкілдерінің өнер көрсетуіне жағдай жасайды. Sport and Dance алаңы ашылады, мұнда таңертең оқыту ойындары, спорттық шеберлік сабақтары және кешке қарай «баттл» би фестивалдері өтеді. Кәдесыйлар сатып алғысы келетіндер үшін қолданбалы өнер жәрмеңкесі және суретшілер бұрышы ұйымдастырылады.

«Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында бірқатар іс-шара өтеді. Осындай оқиғалардың бірі «Шығармашылық марафоны» болмақ. Қала әкімдігі бұл жобаны санитарлық нормаларға сәйкес ашық аспан астында өткізу туралы шешім қабылдады. Жоба аясында астананың жетекші шығармашылық ұжымдары өнер көрсетеді, театрлар көптен күткен спектакльдерді ұсынады, концерттік ұйымдар түрлі жанрдағы іс-шаралар ұйымдастырады, би өнерін үйренгісі келетіндерге шеберлік сыныптары және қала тұрғындары үшін тағы да көптеген қызықты әрі пайдалы шаралар ұйымдастырылатын болады», - деп атап өтті, Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Нұрлан Әлімжанов.

Бірыңғай жаяу жүргіншілер аймағы Мәмбетов көшесінен басталып, ескі Арбатқа дейін жалғасады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109