1014

Нұр-Сұлтанда дзюдодан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр

Қазақстанның 300-ден астам үздік дзюдошысы 2018 жылдан бері алғаш рет ел чемпионаты аясында татамиге шықты. Нұр-Сұлтанда 23 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан біріншілігі басталды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Чемпионаттың ашылуында Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қайрат Қожамжаров 2021 жыл Токио Олимпиадасына байланысты спортшылар үшін өте маңызды екенін атап өтіп, спортшыларға алдағы жарыста сәттілік пен жеңіс тіледі.

«Соңғы бір жарым жыл ішінде жарыстарға, әсіресе шетелдегі бәсекелерге қатысу қиынға соқты. Дегенмен соңғы уақытта құрамамыз әлемдік жарыстарға қатысып жүр. Бүгін 23 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер арасында ел біріншілігі өтіп жатыр. Жаттығуға қайта оралғаннан кейін дзюдошыларымыз Токио олимпиадасына белсенді дайындалуда. Жастарымыз әйгілі спортшыларымыз сияқты артылған үмітті ақтайды деп сенеміз», — деді Қайрат Қожамжаров.

Айта кетейік, дзюдодан Қазақстан чемпионаты 2018 жылы өткен болатын. Дзюдошыларымыз былтыр пандемияға байланысты жарысқа қатыса алмады. Ал биыл чемпионат санитарлық нормаларды сақтай отырып, көрерменсіз өтеді.

«23 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдерге арналған дзюдодан ҚР чемпионаты жыл сайын өткізіледі. Бұл жастардың ересектер санатына ауысатын чемпионаты болып саналады. Бүгінгі таңда жарысқа барлық өңірден 300-ден астам спортшы келді. Дайындық деңгейі жақсы. Мұнда әлем чемпиондары да, Азия чемпиондары да қатысады. Әр өңірден әр салмақта 2 спортшы келді. Чемпионат былтыр да өтуі керек еді, бірақ пандемияға байланысты өткізбеуге мәжбүр болдық. Биыл санитарлық нормаларды сақтай отырып, елордада өткізіп отырмыз», — деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Олимпиадалық спорт түрлері бойынша спортты дамыту дирекциясы» КММ басшысы Бағдат Данияров.

Ол сондай-ақ елордалық спортшылардан екі "алтын" және екі "күміс" күтілетінін айтты.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі біріншілік чемпиондарының бірі Жамбыл облысының спортшысы Ернұр Сүлеймен болды. Финалдық жекпе-жектен кейін чемпион өз әсерімен бөлісті.

«Бүгін чемпион атанғаным үшін жаттықтырушыларыма үлкен алғысымды білдіремін. Қарсыласым менен жас болғанмен мықты дзюдошылардың бірі екен. Оны жеңуім қиын болды. Чемпиондық жолдағы жекпе-жектің біреуі де оңай болған жоқ. Келесі мақсат — әлем чемпионы және Олимпиада чемпионы болу», — деді Ернұр Сүлеймен.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109