1492

Елордалық полиция тұрмыстық зорлық-зомбылықты азайту үшін алдын алудың жаңа әдістерін қолдануда

Мессенджерлердегі бейне және аудиожазбалар, жанжал шығарушымен әңгімелесу – отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудың пәрменді әдісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы ПД жергілікті полиция қызметінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің басшысы Гүлмира Шрахметова мәлімдеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Шрахметованың айтуынша, қабылданып жатқан шараларға қарамастан отбасылық-тұрмыстық қылмыс деңгейі соңғы 3 жыл ішінде өсіп келеді. Тұрмыстық жанжалдың басты себебі – маскүнемдік.

«Біз бұл тұрғыда алдын алу шараларын қабылдап жатырмыз, яғни түнгі уақытта алкоголь өнімдерін сатудың жолын кесу, қоғамдық орындарда мас күйінде болу. Бұл – тұрмыстық жанжалдардың алдын алу тетігі, әсіресе жаңа зорлық-зомбылық жасау қаупі туындаған кезде әсер етеді. Профилактиканы күшейту ретінде тұрғылықты жеріне барып қана қоймай әлеуметтік мессенджерлердің бейне қоңыраулары арқылы тұрмыстық құқық бұзушылықтар жасауға бейім адамдарды қашықтықтан тексеру жүйесі енгізілді», - деп мәлімдеді Гүлмира Шрахметова.

Бұл әдіс ол жерге бармай-ақ, үйдегі жағдайды көзбен көруге, жан-жақты шаралар қабылдауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, алдын алуды күшейту мақсатында полиция есепке алынған адамдармен жұмысты жандандырды, қазір алкоголизм мен есірткіге тәуелділіктен емдеуге жіберу бойынша жұмыс жалғасуда.

Полиция тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерінің жолын кесу үшін ПИК пен тұрғындарды барынша жұмылдыра бастады. Учаскелік инспекторлардың отбасылық жанжалдар бойынша қайта шақыруларды пысықтауын бақылау күшейтілді.

Гүлмира Шрахметова сөз арасында тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін шешу полициядан басқа да мүдделі үкіметтік емес ұйымдардың белсенділігіне тікелей байланысты екенін айрықша атап өтті. Мұндай қорытынды тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын сауалнамаға және тұрмыс саласындағы қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылықтарды талдау нәтижелеріне негізделген.

«Әйелдер негізінен ұрып-соғуға және қорлауға ұшырайды, әрі мұны полициядан жасырады. Жұбайын өзі тәрбиелеуге тырысады, бұл әдетте бірнеше аптаға, айға созылады. Қайғылы жағдаймен аяқталатын сәттер де жиі кездеседі. Ол адам ғана емес балалар да зардап шегеді. Төрт жасар қызын ұрып-соққанын көріп, денесінде жарақат болса да әйелінің полицияға хабарламаған сәттері болған. Тіпті, қызын ол адаммен бірге қалдырып, жұмысқа кетіп қалған. Қазір ер адам кәмелетке толмаған қызды ұрғаны үшін ҚР ҚК 11 бабы бойынша сотталды», - деп хабарлады жергілікті полиция қызметінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің басшысы.

Осындай проблемаларды шешу үшін полиция елорданың үкіметтік емес ұйымдарын тарта отырып, жәбірленушілердің құқықтарын қорғау жөніндегі іс-шараларды іске асыруда, оларға психологиялық көмек, заңгерлік қолдау көрсетілуде. Биыл дағдарыс орталықтарына 50-ден астам әйел мен өмірлік қиын жағдайға тап болған 100-ге жуық бала орналастырылып, түзету жұмыстары жүргізілді.

«Бұл жерде халыққа зорлық-зомбылықтан зардап шегетін адамдарға көмек көрсететін ұйымдардың бар екендігі туралы кеңінен насихаттау маңызды. Сол сияқты қала халқы санының тұрақты өсуін ескере отырып, дағдарыс орталықтарын, әйелдермен, балалармен жұмыс істейтін ҮЕҰ санын ұлғайту қажет. Халық қиын жағдайларда өмірлік маңызды қолдауды қамтамасыз ете алатын осындай әлеуметтік қызметтер немесе ұйымдар бар екенін білуі тиіс», - деп атап өтті Гүлмира Шрахметова.

Қорытындылай келе, Шрахметова агрессорлармен және отбасылық жанжалдармен жұмыс істеу үшін мамандандырылған түзету орталықтарын ашу қарастырылғанын айтты.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109